Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбаста кен орнының тарихын тұтас қамтитын музей бар. Аталмыш музей компанияның 30 жылдығына орай, 2010 жылы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ашылған.
Музейде түрлі жәдігер топтастырылған 16 витрина бар. Әр витринада кен орнының игерілу, даму, өсу жылдарын көрсететін, қара алтын игеруге атсалысқан азаматтарды танытатын, компанияның әлеуметтік-экономикалық сала дамуына қосқан үлесі қамтылған деректер жинақталған.
Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының Мұнай туралы заңы» төрден орын алып, алғашқы мұнай фонтаны атқылаған К-12 ұңғымасы, тарихи сәт себепкері бұрғышы Санақ Таянов пен геолог Әділ Нұрманов туралы мол мәлімет бар. Сондай-ақ компанияның құрылу кезеңдері бейнеленген тарихи фотосуреттер хронология бойынша тізбектелген.
Ортадан орын тепкен витриналардың ішінде Қаражанбас кен орнынан алынып жатқан мұнай мен жер астындағы қара алтынның физикалық һәм химиялық қасиеттері туралы мәліметтер берілген. Бұдан бөлек музей витриналарының бірінен ҚБМ-ның жеткен жетістіктері, дипломдар, алғыс хаттар, марапаттар мен кубоктарды таба аласыз. Қаражанбас атынан байрақты бәсекелерде бақ сынап, жеңіс туын желбіреткен мақтаныштарымыз туралы ақпараттар жетерлік. Оған қоса, музейдің тағы бір бұрышында Бозащы түбегінің табиғатына арналған диорама бар. Онда сайын далада кездесетін тіршілік әлемі және кен орны аймағы табиғатынан көрініс бейнеленген.
Жыл өткен сайын тарих та толығып отырады. Ал Қаражанбас музейі – қара алтын игеру жолында көп жылдық тарихы бар компанияның мол мұрасы жинақталған орын. Сондықтан әр жыл сайын компания ғұмырындағы ең маңызды оқиғалар туралы ақпарат музей мұрасын толтыра бермек. Бұл келер ұрпақ, жас мұнайшылар үшін өткен шақтан қалған ең құнды қазына.
(«Қаражанбасмұнайгаз» АҚ facebook парақшасынан)
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде