Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас мұнайшылары өлкенің жерасты байлығын игерумен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға сүбелі үлес қосып келеді. Солардың бірі – құсбегілікті серік етіп, тазымен аңға шығатын Дәулетбай Нұрбергенов. Ол вахта ауысымынан тыс уақытта тазы мен бүркіт баптап, бабадан балаға мирас болған құндылықтарды дәріптеп жүр.
Дәулетбайдың Қаражанбасқа қадам басқанына 15 жылдан астам уақыт болды. Қызметін дәнекерлеуші болып бастаған Дәулетбай, қазір №3 мұнай өндіру цехының алдыңғы буын операторларының бірі. Ол «жігітке жеті өнер де аз» деген ұранды ұстанады. Сол себептісоңғы екі жылдан бері отбасымен бірге қырағы құс пен құмай тазы баптап, аңға шығып жүр. Құсбегілік құпияларын арнайы үйренгенмұнайшы бойындағы сенімділік пен мықты жігер, ерекше талпыныс арқасында бала арманын ақиқатқа айналдырды.

«Тазы мен бүркіт ертіп, аңшылықпен айналысу – бағзы заманнан келе жатқан өмір салты. Саятшылық – мен үшін жан рахатын сыйлайтын хобби. Маңғыстаудың кең даласында, ашық аспанға бүркітімді қалықтату ерекше рух пен жігер береді. Келер ұрпақтың санасына осындай рухани құндылықтарды сіңіру әр адамның міндеті деп ойлаймын», – дейді саятшы-мұнайшы.

Өңірімізде қыран мен тазы баптап, қақпан құрып, аңшылықпен айналысатындар қатары қалың. Дәулетбай Нұрбергенов қызығушылығы ортақ жандар тоғысқан «Саятшылық» қоғамдық бірлестігінің президенті. Ұйымның 250-ден астам мүшесі саятшылықты насихаттап, ауланған аң терілеріне суреттер салып, түрлі киім мен бұйым, қолөнер туындыларын жасайды. Осылайша болашаққа жоспары нық Қаражанбас мұнайшысының есімі, қазақтың төл өнері тарихына алтын әріппен таңбаланатыны анық.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы