Главная Новости Құрметті байланысшыға мемориалдық тақта орнатылды
30 желтоқсан 2021, 10:00 1897

Құрметті байланысшыға мемориалдық тақта орнатылды

Құрметті байланысшыға мемориалдық тақта орнатылды

Қарағандыдағы «Қазпошта» облыстық филиалы ғимаратының қабырғасына оның бірінші басшысы, Құрметті байланысшы және «Құрмет» орденінің кавалері Ертай Асайыновқа мемориалдық тақта орнатылды.

Ертай Асаинов ғұмырының 33 жылын пошта қызметіне арнады. 1983 жылы облыстық «Союзпечать» агенттігін басқарды. 1993 жылы облыстық пошта байланысы қызметінің басшысы болып тағайындалды. Оның шебер жетекшілігінің арқасында Қарағанды филиалы бірнеше мәрте республикада үздік атанды.

Ертай Асаинов жұмыс істеген жылдары пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу және жеткізу технологиясы бойынша бірқатар жаңа жобалар да енгізілді. Осы кезеңде мерзімді баспа басылымдарын және қойма логистикасын сұрыптау үрдісін автоматтандыру бойынша алғашқы жобалар іске қосылды, уақыт өте келе олар Қазпоштаның республика бойынша барлық бөлімшелерінде қолданыла бастады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: