Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас – білікті мұнайшылар мен кәсіби мамандар ұстаханасы. Мұнда өлке өндірісін өрге сүйреп, өз ісінің майталманы атанған аға буын өнегелі еңбек жолын жас толқынға табыстап, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басуда. Бұл жолы компанияда қалыптасқан игі дәстүр бойынша №3 мұнай өндіру цехы, газ цехы мен технологиялық көлік департаментінің еңбек ұжымы зейнеткерлік демалысқа шыққан ардагерлерге адал еңбегі үшін алғыс айтып, қазақы салтпен шапан жапты.
Есқуат Кетебаев ҚБМ-дағы еңбек жолын осыдан 10 жыл бұрын №2 МӨЦ-да қатардағы оператор лауазымынан бастады. Кейін ол сорап қондырғыларының машинисі қызметіне ауысып, соңғы жылдары жаңадан ашылған №3 МӨЦ-да табысты еңбек етті. Білікті маман ісіне адал, тиянақтылық пен жауапкершілікті тең ұстаған жұмысшы.
Ал Демеухан Нысанбаев ТКД-не қарасты №1 гараждың жөндеу-механикалық цехында 12 жыл табан аудармай еңбек етті. Алдымен токарь болып жұмыс істеген ол, кейін құрал-сайманшы қызметіне ауысты. Жұмысшы арнайы техникалар мен көліктерді жөндеу кезінде қажетті құралдарды үлестіріп, саймандардың тазалығы мен талапқа сай болуына жауапты.

Қаражанбасқа өмірінің 25 жылдан астам уақытын арнаған Ахмет Имашев бастапқыда №2 МӨЦ-да оператор болып еңбек етті. Қызметін ГЦ-да жалғастырған машинист газ компессорлық қондырғыларының жұмысын бес саусағындай білетін кәсіби маман.
Зейнетке шыққан жұмысшылардан әріптестерінің үйренгені мол. Олар жастарға қызметтен бөлек, игі істің жанынан табылып, ел үшін ерінбей еңбек ету керектігін үнемі айтып отырады. Құрметті демалыс алдында ұжым құрметіне бөленген ардагерлер ізбасарларына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
190
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи