Главная Новости Құрық паромында 4 айда жарты миллионға жуық жүк өңделді
27 мамыр 2022, 15:00 1455

Құрық паромында 4 айда жарты миллионға жуық жүк өңделді

Құрық паромында 4 айда жарты миллионға жуық жүк өңделді

Биылдың басынан бері Құрық порты паром кешені арқылы жүк өңдеу көлемі айтарлықтай өскен. Өткен төрт ай ішінде 154 кеме – 491 387 тонна жүк өңделген.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90% артық. Негізінен, Құрық порты арқылы Қазақстаннан мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, металл химикаттары, халық тұтынатын тауарлар экспортталады. Ал импорттық тауарлар қатарында азық-түлік, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, тоқыма, электроника, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар бар.

Порттың қазіргі инфрақұрылымы төрт паромға бір уақытта қызмет көрсететін теміржол және автомобиль айлақтарымен бөлінген. Теміржол айлақтарының өткізу қабілеті жылына 4,1 млн тоннаны құрайды. Бір деңгейлі паромды өңдеудің толық циклінің орташа уақыты 6-8 сағатты, ал екі деңгейлі паромды өңдеудің орташа уақыты 10-12 сағатты құрайды, бұл порт жұмысшыларына тәулігіне 5-8 паромға дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Жалпы порт паромдарына 54 вагонға дейін сыяды.

Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағдары тізбегінде жетекші орын алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: