Главная Новости Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды
06 тамыз 2024, 14:30 544

Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды

Құрық порты акваториясының түбін тереңдету жұмыстары басталды

Мамандар порт түбін бір жарым-екі метрге тереңдетеді.  Жұмыстарға ірі еуропалық Jan De Nul компаниясының арнайы техникасы жұмылдырылды. Компаниямен ЕРС келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Компания жобалаудан бастап тереңдету жұмыстарының аяғына дейін толығымен жауапты. Порт түбін тереңдету жұмыстары терминалдың өткізу қабілетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Құрық портының өткізу қабілеті 6 млн тонна (теміржол терминалы – 4 млн, автотерминал – 2 млн). Сондай-ақ, портта 250 жүк көлігін сақтау мүмкіндігі қарастырылған. Дәл осындай жұмыстар Ақтау портында да жүргізіледі.

Порт түбін тереңдету Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту аясында қабылданған кешенді шараның бірі. ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 7 айда 62% - ға ұлғайып, 2,5 млн тонна (2023 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1,6 млн тоннаға тең болды).

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: