Главная Новости Құрық портында терминал қолданысқа берілді
22 қазан 2024, 10:40 56

Құрық портында терминал қолданысқа берілді

Құрық портында терминал қолданысқа берілді

Маңғыстауда Құрық портында салынып жатқан астық терминалының құрылысы аяқталып, қондырғылар сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл терминалдың қуаты 1 миллион тонна астықты құрайды. Қазір аталған нысан арқылы Солтүстік Қазақстан өңірінің бидайы қабылдануда. Жоспар бойынша алғашқы астық қазан айының соңында жөнелтіледі.

Құрық порты – Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың ең қысқа жолы ретінде танылған. Биылдың өзінде «Орта дәліз» бағыты бойынша 1 млн 600 мың тонна жүк өңделіп, жөнелтілді. Порт басшылығының айтуынша, соңғы жылдарда вагонмен тасымалданатын жүктерге қоса, автокөлік тасымалы артқан. Нәтижесінде былтыр Құрық порты 2 млн тоннадан аса жүк өңдеп, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді. «Солтүстік пен Оңтүстік дәліздерге қарағанда қазіргі геосаяси жағдайларға байланысты  

«Орта дәліздің» маңызы артып келеді. Жылдан-жылға көлік айналымы да өсіп жатыр. Осы жылдың өзінде 18 мың көлік өңдеп, қабылдап, жіберіп тастадық», – дейді Құрық порты бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Бақыткерей Әлібеков.  

«Орта дәліз» Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бір тармағы болып есептеледі. Ол арқылы Қытай, Орта Азия елдерінен шыққан жүк Құрық және Ақтау порттарымен Әзірбайжан, Грузия, Түркия, одан әрі Еуропа елдеріне жеткізіледі. Құрық порты осы бағдар бойынша 2017 жылдан бері 10 миллион тоннадан астам жүк өткізген.  

«Биыл жүк тасымалын 2 млн 300 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде соның 1 миллион 600 мың тоннасы өңделіп, жөнелтілді. Алда әлі 2 айдан аса уақыт бар. Астық терминалы жылына 1 миллион тонна бидай өңдейді. Оған қоса біз үшінші айлақты негізгі жүктер қабылдайтын айлаққа айналдыру үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ол тағы 500 мың тонна жүк өткізуге ықпал етеді», – деп түйіндеді сөзін Бақыткерей Әлібеков.  

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: