Главная Новости Құрылтай депутаттары «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған инклюзия кабинетіне барды
30 октября 2026, 17:02 25

Құрылтай депутаттары «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған инклюзия кабинетіне барды

Құрылтай депутаттары «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған инклюзия кабинетіне барды

ҚР Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Елдос Баялышбаев, Захира Бегалиева, Армангүл Тоқтамұрат және Наталья Рамазанова Астана қаласындағы №97 мектеп-гимназияда орналасқан инклюзияны қолдау кабинетіне барды. Депутаттар кабинеттің жұмысымен танысып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жасалған мүмкіндіктерді бағалады.

Кабинетті «Самұрық-Қазына» атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры 2024 жылы қыркүйекте ашты. Осы уақыт ішінде кабинетке келетін балалардың саны 22-ден 50-ге дейін өсті.

 

Депутаттар қордың инклюзивті білім беруді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, осы тәжірибені еліміздің басқа мектептеріне де тарату маңызды екенін атап өтті.

✨Бүгінде ел бойынша осындай 46 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Олар 3 мыңға жуық оқушының инклюзивті білім алуына мүмкіндік береді.

Кабинетте дефектолог, логопед және психологпен сабақ өткізуге арналған арнайы аймақтар, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттері мен ұсақ моторикасын дамытуға ықпал ететін қыш шеберханасы бар. Балалардың физикалық оңалуына ерекше көңіл бөлінеді: кабинетте емдік дене шынықтыру сабақтарына арналған заманауи жабдықтар мен спорттық құрал-жабдықтар бар. Ал педагогтер мен бейінді мамандар сапалы қолдау көрсету үшін арнайы оқудан өтіп, біліктілігін арттырды.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: