Главная Новости Құрылысшы күні: өз ісінің шеберлеріне деген құрмет
12 тамыз 2024, 09:25 463

Құрылысшы күні: өз ісінің шеберлеріне деген құрмет

Құрылысшы күні: өз ісінің шеберлеріне деген құрмет

Жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде Қазақстанда ең маңызды кәсіби мерекелердің бірі – Құрылысшы күні тойланады. Бұл күн - кәсіби біліктілігі мен білімінің арқасында еліміздің болашағына қызмет ететін ғимараттарды өз қолымен салып айналамыздағы әлемді көркейтетін жандардың еңбегін бағалап, құрмет көрсететін күн.

«Ең бірінші «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы сынды ауқымды бастаманы іске асыруға сенім білдірген мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіремін. Бұл жоба бұрын соңды әлемде болмаған. Ешқашан ешбір мемлекетте үш жыл ішінде 369 мектеп тұрғызылмаған. Бұл – біздің болашағымызға салынған үлкен салым, оның рақатын бірнеше буын көретін болады. Балаларымыз заманауи әрі ыңғайлы жағдайда білім алсын деген ниетпен еңбектеніп жатырмыз. Және де Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай қызмет ететін үздік, ақылды ұрпақты тәрбиелеуі үшін ұстаздарымыздың қолына тың жаңа құралдарды ұсынып отырмыз», - деді   «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқармасының төрағасы Мәулен Айманбетов.

Құрылыс саласы заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы қарқынды дамып келеді. Үкімет пен жеке компаниялар инфрақұрылымның дамуына үздіксіз инвестиция құйып жатыр. Бұл халықтың жағдайын жақсартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Мәселен, осындай айтарлықтай ауқымды жобаның бірі – білім саласындағы «Жайлы мектеп» жобасының аясында уақытша 50 мың (құрылыс кезінде) және тұрақты 40 мың (мектептерді қолданысқа енгізген кезде) жаңа жұмыс орны ашылған.

Бастама тек ыңғайлы әрі қауіпсіз оқу ордаларын салып қана қоймай, құрылыс саласына жаңа стандарттарды енгізіп жатыр. Бұл келешекте кәсіьи мамандардың біліктілігі мен тәжірибесінің артуына себепші  болмақ. Ұлттық жобаны іске асыру кезінде ЕРС (Engineering, Procurement and Construction) және Bitrix кросс-платформасымен үйлестірілген E-Qurylys электронды жүйесі секілді жаңа механизмдері енгізілді. Енгізілген жаңалықтар бүкіл Қазақстанның заманауи құрылыс саласының мықты іргетасын құрады. Сонымен бірге Samruk-Kazyna Construction ғимараттарды ақпараттық модельдеу технологиясының (ВІМ) жобасын жасап, келесі кезеңде қолданысқа енгізуді көздеп отыр.

E-Qurylys жүйесінің енгізілуіне орай құрылыс секторының даму бағыты тың жаңа жолға түсті десек қателеспейміз. Соның арқасында қағазбастылық жойылып, құжат айналымы жылдамдатылып, құрылыс сапасын бағалау мен қаржы айналымының анық болуына қол жеткізді. Мысалы, бұрын қағаз жүзіндегі атқарылған жұмыстар актісіне қол қоюға апталап уақыт кететін болса, бүгінде 1-2 күн жұмсалады.

Сонымен қатар бүгінгі таңдағы құрылыс саласына түбегейлі өзгерістер қажеттілігін мойындаған жөн. Барлық қолданылып отырған технологиялық шешімдер, жобалау сұрақтарына деген түрлі мамандандырылған топтарды алуан пікірде болауы, заңдық күші бар нормативтер, кадр тапшылығы мен өзге аспектілер уақыт талабына мүлдем сай емес, ал кей жерлерде сол талаптарға қайшы болып отыр. Жалпы айтқанда біз және бізден кейін мамандардың жұмысы жетерлік: станддарттан тыс тиімді шешімдер тауып, ел экономикасын ілгері жылжытатын құрылыс саласын дамыту.

«Биыл Samruk-Kazyna Construction 15-жылдық мерейтойын тойлауымен байланысты тарихи кезеңді басымыздан өткерудеміз. Халықтың тұрғын жайын жақсартуға бағытталған кризиске қарсы бағдарламаны жүзеге асырушы компания ретінде жолымызды бастап, «Жайлы мектеп» сынды ұлттық жобаның іске асуын сеніп тапсыратын компания абыройына ие болдық. Еліміздің құрылыс индустриясындағы көптеген салада ізашарға айналдық: отандық өнеркәсіптің импорт орнын басуы үшін жаңа зауыттарға инвестиция құйдық; заманауи технологияларды қолданысқа енгізу арқылы ішкі бизнес-процестерді аутоматтандырдық. Бұл амалдар тек құрылыс саласын дамытып қана қоймай, тұрақты экономикалық дамуға әкелетініне кәміл сенемін», - деді Мәулен Айманбетов.

Дамыған құрылыс саласының ажырамас бөлігі – құзыретті мамандар. Білікті мамандар мен тәжірибелі басшылар жобалардың сапалы орындалып, барлық техникалық нормативтер мен стандарттарға сай уақытылы аяқталуын қамтамасыз етеді. Инженерлер, сәулетшілер, жобалаушылар мен өзге жұмысшылар – күрделі әрі ауқымды жобалардың жүзеге асуына үлкен үлес қосады. Осындай маңызды мамандықтардың абыройын бекіту мақсатында Samruk-Kazyna Construction дәстүрлі түрде жас мамандарға нағыз үлгі болар компанияның үздік жұмыскерлерін ерекше бағалап отырады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын мысалға алсаңыз әлеуметтік және экономикалық бағыттардың бірлесе жұмыс істей алатынын байқайсыз. Бүгінгі және болашақ ұрпақтың білім алуына жайлы жағдай жасау тек адами капиталды өсіріп қоймайды, елдің экономикасын да дамытады», - дейді ұлттық жобаның құрылыс департаментінің директоры Әбдукерім Аршамов.

Расында да елдің экономикалық және әл-ауқат потенциалына әсер ете алатын маңызды сала болып қана қоймай, ұлттық әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жету құралы болып табылады. Құрылыс саласы - елеулі жан-жақты әсерге ие сала. Бір жұмыс орны құралас салаларда 8 жұмыс орнының ашылуына себеп болады.

«Құрылыс саласы бұдан әрі қарай да Қазақстанның экономикалық өсімінің басты себепкері бола беретіндігін ерекше атап өткім келеді, сондықтан да, білікті мамандарды оқыту мен тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлу керек. Бұл - расын да барлық құралас салаларға әсер ететін ұлттық дамуымыздың іргетасы. Сөзіме «Жайлы мектеп» жобасының аясында ұлттық өндірістің үлесі 69% бен 81% аралығын көрсетіп отырғаны дәлел» , - мониторинг тобының басшысы Қуат Жылқыбаев.

Осы жылы Samruk-Kazyna Construction Атырау қаласындағы Бейбарыс кешенінің ғимаратын тұрғын үйге айналдыру жұмысын аяқтап, Ескірген және аппаттық жағдайдағы баспаналарды жаңарту бағдарламасы аясында 5 қаланың (Шымкент, Алматы, Ақтобе,  Жезқазған, Қонаев) әкімдіктерімен меморандумға қол қойды. Сонымен біргн жуырда «KazAID» ҰАҚ бірлесе отырып жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия аймағында жаңа мектеп құрылысын жоспарлап отыр.

Соңғы үш жылдың өзінде Samruk-Kazyna Construction 241 мың шаршы метрден астам тұрғын және тұрғын емес жайларды қолданысқа тапсырды. Компанияда 300 астам адам жұмыс істейді. Олар құрылыс процесінің барлық кезеңдерін жоспарлап, орындалуын бақылайды. Олардың білімі мен машығы қауіпті жағдайдың алдын алып, шығындар мен ресурстардың тиімді жұмсалуын қадағалайды.

Барлық уақыттағыдай құрылыс саласы ұлттық валюта бағамының төмендеуі мен жаһандық логистикалық тізгіндердің үзілуін сезініп, күрделі жағдайларды да өткеруде. Бұл мәселелерді шешу мақсатында Samruk-Kazyna Construction өр мақсаттар қойып, мемлекет басшысының тапсырмасымен зауыттар құрылысына инвестиция құюды көздейді. Болашақта құрылыс материалдарының импортын қысқартып, нарықтағы тапшылық азайып, өндірістің жұмыстың уақытылы аяқталуына тікелей оңтайлы әсер етпек.

Компания қолжетімді баспана құрылысына да инвестиция құюды тоқтатпай, жаңа жобаларды іске асырмақ. Ондай жобаларды мемлекеттік қаржысынан тыс компанияның жеке табысынан немесе несиелеу арқылы қаржыландыру қарастырылған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: