Главная Новости Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол желісі салынады
01 қыркүйек 2022, 10:00 1240

Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол желісі салынады

Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол желісі салынады

Қырғызстан билігі Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрылысын аяқтап, ел ішіндегі темір жол желісін дамытуға ниетті. Бұл туралы Қырғызстан Тәуелсіздік күніне орай өткен жиында ел президенті Садыр Жапаров айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Садыр Жапаров жиын барысында Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол желісін салатындарын мәлімдеді. Тараптар тиісті құжатқа Самарқанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде қол қоймақ. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.  

Көрші қырғыз елі Қара-Кече көмір кен орнын ел астанасымен жалғайтын темір жол желісін салуды да қолға алмақ.  

«Темір жол желісінің дамуы жаңаша бағыт алып отыр, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет өз күшімізбен теміржол желісін салуды қолға алдық. «Қыргыз темир жолы» мемлекеттік мекемесі  Балыкчи – Кочкор – Кара-Кече темір жол құрылысының жобасын іске асыруға кірісіп кетті», – деді Садыр Жапаров.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: