Главная Новости Қытай автокөліктері Орталық Азияға Қазақстан арқылы жеткізіле бастады
14 қазан 2024, 12:16 309

Қытай автокөліктері Орталық Азияға Қазақстан арқылы жеткізіле бастады

Қытай автокөліктері Орталық Азияға Қазақстан арқылы жеткізіле бастады

Қытай билігі Орталық Азияға жаңа мультимодальды бағыт бойынша жеңіл автокөліктерді жеткізуді бастады. Қытай автокөліктері тиелген алғашқы жүк пойызы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжіден жолға аттанды. Ол «Қорғас» және «Алтынкөл» шекара бекеттері арқылы өтіп, көліктерді Алматыға жеткізеді.

Құрамға құны 27 миллион юаньнан асатын, 3,8 миллион доллардан асатын 261 жеңіл автокөлік тиелген. Пойыз Қытайды Қазақстанмен және Орталық Азияның басқа елдерімен байланыстыратын жаңа жеткізу бағытының алғашқысы болып отыр.

Жаңа мультимодальды бағыт алдағы уақытта белсенді түрде қолданылатын болады. Алдын ала мәлімет бойынша, жыл соңына дейін Қытайдан аймақ елдеріне 15 мыңнан астам автокөлікті тасымалдау жоспарлануда. Билік бұл бағыт автомобиль жеткізу көлемін айтарлықтай арттыруға көмектеседі деп күтеді.

2024 жылдың басынан бері Қорғас пен Алашаңқай арқылы 83 781 көлік тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артық. Пайыздық көрсеткіште өсім 2361 автокөлікті құрады.

Сарапшылар автомобиль жеткізілімдерінің өсуі Орталық Азия елдерінде қытайлық автокөліктерге сұраныстың артуына байланысты екенін айтады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: