Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қытай Цзюцюань ғарыш айлағынан «Шэньчжоу-19» басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Құрамында үш тайконавт бар «Шэньчжоу-19» кемесі станцияда 2025 жылдың сәуір айының аяғы немесе мамыр айының басына дейін болады.
Орбитада «Шэньчжоу-19» экипажы жүк таситын «Тяньчжоу-8» ғарыш кемесінің станцияға түйісуін бақылап, «Шэньчжоу-20» басқарылатын ғарыш кемесі экипажын қарсы алады.
Экипаж мүшелері 4 қарашада Жерге оралады.
Еске сала кетсек, Қытай ғарыштық ғылымды дамытудың Ұлттық орта және ұзақ мерзімді бағдарламасын ұсынды. Ол 2024-2050 жылдар аралығында елдегі ғарыштық ұшулар мен зерттеулер жоспарын айқындайды.