Главная Новости Қытай жоғары жылдамдықты электр пойызын таныстырды
01 тамыз 2023, 13:20 2282

Қытай жоғары жылдамдықты электр пойызын таныстырды

Қытай жоғары жылдамдықты электр пойызын таныстырды

2023 жылдың қыркүйегінде Ханчжоуда өтетін 19-шы Азия ойындарына деп жасалған Fuxing Asian Games жоғары жылдамдықты электр пойызы Чанчунь қаласындағы зауытта ресми түрде таныстырылды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Бұл пойыздар Азия ойындарына қатысушылар мен қонақтарды қабылдайтын бес қалада, яғни Нинбо, Вэньчжоу, Цзиньхуа, Шаосин және Хучжоу арасында қатынайтын болады.

Сыйымдылығы 578 жолаушыға арналған сегіз вагондық пойыз (төрт вагоны қозғалтқышпен жүреді) 350 км/сағ жылдамдықпен жүруге арналған. Пойыз қозғалысының жеңіл әрі жайлылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ интеллектуалдық жүйемен, соның ішінде жолаушылар салонындағы ыңғайлы температура мен ауа қысымын автоматты түрде реттеуімен ерекшеленеді, бұл пойыздың туннельден өткен кезде еш қолайсыздықты сездірмеуге жағдай жасайды.

Моторлы вагондарды жобалауда энергия үнемдейтін технологияларды және бионикалық элементтерді пайдалану, сондай-ақ жеңіл дизайн тартым үшін энергияны 10% үнемдейді немесе әрбір пойыз үшін жылына шамамен 1,8 ГВт/сағ шығады.

Саяхат кезінде үздіксіз 5G және Wi-Fi стандартты қосылымдары сапардың жайлы болуына ықпал етеді. Оған қоса вагон араларында ені 900 мм өткел бар. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға бейімделген дәретхана қарасытырлған және пойыз купелеріндегі барлық жазулар Брайль қарпімен жазылған.

Қытай пойыз өндірісінде қарыштап алға дамып келеді. Үнемі жаңа пойыздарды сынақтан өткізіп, құрамаларды жаңартып отырады. Бұған дейін жоғары жылдамдықты CR450 пойызын сынақтан сәтті өткізді. Сынақ елдегі Фучжоу - Сямэнь - Чжанчжоу алғашқы транстеңіз жоғары жылдамдықты желісінде жүргізілді. 453 км/сағатты ең жоғары жылдамдық Мейчжоу шығанағындағы көпірде, яғни екі пойыз бір-біріне қарай қозғалған кезде тіркелді.

Қазіргі уақытта Қытайдың ең жылдам пойыздары сағатына 350 шақырым жол жүреді, олар Пекин-Шанхай, Пекин-Тяньцзинь, Пекин-Чжанцзякоу және Чэнду-Чунцин бағытындағы жоғары жылдамдықты магистральмен қатынайды. Қытай жақын аралықта тағыда бірнеше жоғары жылдамдықты магистраль салуды жоспарлап отыр. CR450 пойыздарының жаңа буынын дамыту ҚХР-ның 14-ші бесжылдық даму жоспарында қарастырылған (2021-2025).

Сынақ барысында көпірлерде, тоннельдерде және бұрмалы телімдерде әртүрлі жылдамдықпен жүретін 57 зерттеу жасалды. Олар қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыру, дірілдеу  сипаттамаларын жақсарту, жеделдету және тежеу көрсеткіштері бойынша жаңа ішкі жүйелердің тиімділігін растады.

Сынақ бағдарламасына әртүрлі мекеменің сарапшылары қатысты, соның ішінде Қытай Теміржол ғылымдары академиясының (CARS), CRRC корпорациясының және үш ұлттық университеттің өкілдері бар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: