Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2024 жылдың 13 қыркүйегінде Мейчжоу қаласын Лунчуань округімен (Гуандун провинциясы) байланыстыратын 94 шақырымдық жоғары жылдамдықты желі пайдалануға берілгеннен кейін Қытайдың теміржол желісінің ұзындығы 160 мың шақырымға жетті, оның 46 мың шақырымы жоғары жылдамдықты.
2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қытай темір жолының ұзындығы 159 мың шақырымды құраған еді, оның ішінде 45 мың шақырымы жоғары жылдамдықты теміржол.
2012 жылдан бері Қытайдың теміржол инфрақұрылымы белсенді түрде дамып келеді, жыл сайын орта есеппен 3000 шақырымға жуық жоғары жылдамдықты желі пайдалануға берілді. Содан бергі жылдар ішінде теміржол желісінің жалпы ұзындығы 64,2%-ға, жоғары жылдамдықты желілер 392,2%-ға ұлғайды. Жоғары жылдамдықты желілер Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағын қоса алғанда, ірі (500 мыңнан астам халқы бар) қалаларының 96%-ын қамтиды.
Жоғары жылдамдықты теміржол желісін кеңейту елдегі ірі агломерациялары арасындағы жол жүру уақытын орта есеппен 3 есеге қысқартуға мүмкіндік берген, бұл осындай желілер қызмет көрсететін аймақтардың өндірістік және әлеуметтік дамуына ықпал етуде.
Бейжің - Гуанчжоу, Бейжің - Ухань сияқты бірқатар жоғары жылдамдықты желілерде пойыздар максималды 350 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Рұқсат етілген жылдамдығы 300 - 350 км/сағ желілердің жалпы ұзындығы 20 мың км (43%), ал 200 - 250 км/сағ жылдамдықпен - 26 мың км (57%) құрайды.
Айта кету керек, әдетте Қытайда жаңа желілер жыл соңында пайдалануға беріледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
75
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
83
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы