Главная Новости Қытайдың Ганьсу қаласынан Қостанайға жүк пойызы бет алды
27 наурыз 2023, 11:42 1092

Қытайдың Ганьсу қаласынан Қостанайға жүк пойызы бет алды

Қытайдың Ганьсу қаласынан Қостанайға жүк пойызы бет алды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Динси станциясынан автокөлік бөлшектері, маталар және басқа да тауарлар тиелген жүк пойызы Қостанайға бет алды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Бұл құрама Динси қаласынан аттанған алғашқы халықаралық жүк пойызы болып отыр. Ол 5170 шақырым жол жүріп, шамамен тоғыз күннен кейін Қостанайға жетеді.

Аталған пойызбен Шэньси және Чжэцзян елдімекендерінен құны 3 миллион доллардан асатын жүк жеткізілмек. Жаңа жүк пойызы бұрынғы көлік бағыттарымен салыстырғанда жол жүру уақытын шамамен алты күнге қысқартады деп күтілуде.

Жергілікті халықаралық логистикалық компанияның бас директоры Лю Цзиньвэйдің айтуынша, пойыз жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін Орталық Азия елдеріне экспорттайды, ал Қазақстаннан зығыр тұқымы, арпа және басқа да алғашқы немесе кейінгі өңдеуге арналған тауарлар импортталады.

«Осы пойыздың іске қосылуы Динси қаласын Орталық Азиямен байланыстыратын жаңа халықаралық логистикалық дәліздің ашылғанын білдіреді. Яғни, қалаға «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдермен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға көмектеседі», – деді Ганьсу елдімекенінің сауда бюросының өкілі Цянь Цзюнь.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: