Главная Новости Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы Самұрық-Қазына қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
05 қазан 2023, 14:45 1717

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы Самұрық-Қазына қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы Самұрық-Қазына қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі «KEGOC» АҚ-ның және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіне дайындығы барысы туралы ақпараттарды тыңдады.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов қатысушыларға жоспарлы жөндеу жұмыстарының барысы, ҰЭТ-ты дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру туралы, сонымен қатар алдағы күзгі-қысқы кезеңге арналған электр энергетикалық теңгерім бойынша болжамдар жөнінде ақпарат берді.

Ұлттық электр торабының сенімді жұмыс істеуі, сонымен қатар электр желілік объектілердің КҚК-дан сәтті өтуіне дайындалу үшін компания жыл сайын әуе электр жеткізу желілерінде және қосалқы станциялардың жабдықтарында жөндеу-пайдалану жұмыстарының ауқымды көлемін жоспарлап, іске асырады.

2023 жылы KEGOC-тың 574 объектісінде 2,5 млрд. теңге жалпы сомасына жөндеу жұмыстарын орындау жоспарланған. 2023 жылдың 9 айында 485 нысанға жөндеу жүргізілді, бұл жылдық жоспардың 84% құрайды. Кестеге сәйкес қосалқы станциялардың желілері мен жабдықтары бойынша жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады, ал қараша-желтоқсан айларында ғимараттар, құрылыстар және көліктер бойынша жұмыстар аяқталады. КҚК дайындық паспорты ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін алынады.

2019 жылға дейін компания Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту жобасын 2-кезеңін аяқтады. 67 электр қосалқы станциясы жаңғыртылды, сондай-ақ релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика құралдары 100% ауыстырылды.

Сондай-ақ, KEGOC бекіткен инвестициялық бағдарламасына сәйкес қолданыстағы өндірістік активтерді реконструкциялау және жаңғырту шеңберінде қалған жоғары вольтты жабдықты жаңа заманауи және неғұрлым сенімді жабдыққа ауыстыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда электр қосалқы станциялары жабдықтарының 80% -дан астамы ауыстырылды.

Өндірістің ағымдағы деңгейін сақтап тұру үшін 2023 жылға 19,2 млрд. теңге сомасында күрделі қаржы салымдары жоспарланған. 9 ай бойынша жоспар-8,6 млрд. теңге, 9 ай бойынша факт-11,3 млрд. теңге, асыра орындау 31% -ды құрады. Жұмыс жыл соңына дейін кестеге сәйкес аяқталады. 2024 жылға 24,2 млрд. теңге жоспарланған.

«KEGOC» АҚ Ұлттық электр торабын дамыту жұмыстарын жалғастыруда. 2023 жылдың соңына дейін екі жоба бойынша жұмыстар аяқталады: «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-сін реконструкциялау» және «ҚР БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу». Сонымен қатар, Компания кестеге сай «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасын іске асыруға кірісті.

Қоғамдық кеңес барысында қатысушылар компанияның энергетикалық жабдықтардың сенімділігін арттыру бойынша жоспарлары, жаңартылатын энергия көздерін энергия теңгеріміне ауқымды тарту үшін қажетті желілік инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және «KEGOC» АҚ қызметі туралы басқа да мәселелер туралы қызығушылық танытты.

Қоғамдық кеңестің тыңдауларын өткізудің мақсаты Қор тобының ұлттық компаниялары қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру болып табылады. Тыңдау шеңберінде алынған кері байланыс компаниялардың осы бағыттардағы қызметін жақсартуға ықпал етеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: