Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгінде халық арасында кеңінен танымал және қарапайым бұқараға барынша жақын шенеуніктердің бірі де бірегейі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев десек қателеспеспіз.
Бердібек Машбекұлы нағыз сын шақта еліміздегі күрмеуі күрделі қиын саланы қолға алды. Таяуда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен өзара меморандумға қол жеткізгеннен соң іле-шала Қарағанды облысына аттанған мемлекет және қоғам қайраткерімен SK News тілшісі де бірге шығып, сапар барысында әңгімесін тыңдап қайтты. Сонымен қатар, министрмен қызмет барысында тікелей араласқан бірқатар жандардан да сыр суыртпақтауды ұмытпады.
Негізі, Бердібек Сапарбаевты халық арасынан шыққан басшы деуге болады. Олай дейтініміз, болашақ министр қалада, асфальтта емес, ауылда туып-өскен. Жастайынан еңбекпен тапқан нанның қадірін білген. Егіс даласында тер төккен, трактор айдаған, кейін жүк тасушы да болған. Онысына ұялмайды, жасырмайды, көп кездесуде ашық айтып та жүр. Еңбек еткеннің несі айып?!
Жастайынан үлкендердің жанында көп жүріп, аузы дуалы адамдардың даналық сөздерін құлағына құйып өскенін де айта кету керек. Қаншама жоғары лауазымдарды, жауапты қызметтерді атқара жүріп, қарапайымдылығымен де көпшіліктің көңілінен шығып келеді.
Ал біз неге бұл кісі туралы әңгіме қозғап отырмыз? Ондағы мақсатымыз Жастар жылында оның өмір жолы мен еңбек жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деген ой. Ал Бекеңнің жас буынмен талай кездесуінің куәгері ретінде байқағанымыз - қашанда ағалық ақылын аяған емес. Үлкен өмір есігін енді ашқан ұл-қыздарды еңбек етуге шақырудан бір жалықпайды.
«Жұмыстың оңайы жоқ. Аз ақшаға болса да, еңбек ете бастауың керек. Қабілетіңді көрсетсең ғана басшылық келесі жолы көбірек жалақы ұсынады. Барлығымыз да алғашқы жұмысымызды аз ақшамен бастадық. Қазіргі жастар арасында еңбекқор, адал, ізденімпаздары бар. Оларды барынша қолдаған жөн. Масылдыққа бейімдері де жоқ емес, әрине. Еңбек етем, өз бетімше күн көрем, табыс табам деген адамдар ауылда мал бағып та жетістікке жетіп жатыр. Ал бізде ауылда тұрса да сүтті дүкеннен алып ішетін адамдар кездеседі. Оларды еңбекке тарту керек, табысқа баулу керек», - дейді ол.

Толығырақ "SK News" корпоративтік газетінің жаңа нөмірінде: https://sknews.kz/newspaper/read/sk-news-10-120
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
60
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы