Главная Новости Қызметкерлер игілігі үшін: Өзен кен орнында жаңа ғимараттар салынуда
02 июля 2025, 12:09 362

Қызметкерлер игілігі үшін: Өзен кен орнында жаңа ғимараттар салынуда

Қызметкерлер игілігі үшін: Өзен кен орнында жаңа ғимараттар салынуда

«Өзенмұнайгаз» Ақ-да («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) 150 адамға есептелген әкімшілік-өндірістік корпустың және 65 адамға арналған шаруашылық-тұрмыстық корпустың құрылысы жүріп жатыр. Екі ғимарат та қызметкерлердің ыңғайлы әрі лайықты еңбек және тынығу жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында №5 Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасына қарасты көлік бөлімшесінің жұмысшыларына арналған. Осылайша компания еңбекті қорғау мен әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарын ұстанатынын көрсетеді.

Нысандардың құрылысына шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс және әрлеу жұмыстары аяқталды, енді сыртқы инженерлік желілер салынып жатыр. Ғимараттар 2025 жылдың соңына дейін беріледі деп жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» тұрақты даму қағидаттарына сәйкес үздік еңбек жағдайларын жасауға және жайлы жұмыс ортаны құруға бағытталған жобаларға өзі бастамашылық ете отырып, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен амандығы мәселесін үнемі назарда ұстайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: