Главная Новости Қызметте абыройы, отбасында мерейі үстем
22 қаңтар 2021, 09:41 1656

Қызметте абыройы, отбасында мерейі үстем

Қызметте абыройы, отбасында мерейі үстем

«Қайнармұнайгаз» МГӨБ қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы Есен Өмірзақов көп балалы әке. Таяуда оның сегізінші сәбиі дүниеге келді.

2007 жылы аталған басқармаға қауіпсіздік инженері болып орналасқан ол 13 жыл бойы осы қызметте үзбестен еңбек етіп келеді.

«Әкем Жұмахмет Өмірзақов «Прорвамұнайгаз» басқармасында жерасты жөндеу бригадасында болып ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Бала кезден мұнай-газ саласы туралы көп естіп, санама түйген соң, болашақта өмірімді осы саламен байланыстырғым келді. Арманым орындалып, әкеміз салған сара жолды ініміз екеуіміз жалғадық. Інім де «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Құлсары ұңғымаларды жерасты жөндеу цехы бастығының орынбасары қызметін атқарады», – дейді Есен Өмірзақов.

Есен Жұмахметұлының тағы бір арманы көпбалалы болу еді. Тағдыры бұл арманға жету бақытын да бұйырыпты. 2003 жылы Гүлжан есімді арумен шаңырақ көтеріп, қазір отбасы бақытына кенеліп отыр.

Бүгінгі таңда баланың үлкені Даниял 16 жаста, Қазіргі заманғы Каспий маңы колледжінде «Автоматтандырылған басқару жүйесі» мамандығы бойынша білім алуда.

Отбасындағы 5 бала Жылыой ауданындағы Жаңа-Қаратон поселкесіндегі №23 орта мектепте білім алуда. Әрқайсысының сабақ үлгерімі жақсы, өз хоббилары бар. Мәселен, үлкен қызы Дильназ сурет салуға шебер. Жуырда республикалық сурет салу байқауында топ жарып, жүлделі І орынды иеленді.

Көп балалы әке бізбен әңгімесінде вахтадан үйге барып, алдынан балалары жүгіріп шыққан сәтін көргенде, ерекше бақытқа бөленетінін айтады. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген дана сөз осындайда айтылса керек.

«Балаға үлгі болатын, ең алдымен, ата-анасы. «Әкеге қарап ұл өсер» демекші, ендігі басты міндетім – балаларымды жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтауға, бойларына дарытуға үйрету, дұрыс тәрбие беру», – дейді көпбалалы әке.

Сәбидің есімін әкесінің өзі – Нұрислам қойды. Отбасында сегізінші перзент болып, дүние есігін ашқан сәбидің бауы берік, болашағы жарқын болсын тілек айтамыз.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: