Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қызылорда локомотив пайдалану депосының ұжымы тасымалдау жұмысын 10 млн 1 мың 299 тонна-км бруттоға жеткізіп, табысын алда келе жатқан кәсіби мерекеге арнап отыр.
Нұртай Байғазы басқаратын депо ұжымы жылдың алғашқы жартыжылдығын табысты аяқтап, төл мерекені жоғары көрсеткіштермен қарсы алуына орай салтанатты жиын өткізді. Онда мекеменің өндірістік жұмыстарына белсене араласып жүрген үздіктер марапатталып, ерен еңбектері үлгі етілді. «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов депо есебіндегі 11 зейнеткерге қаржылай сыйлық ұсынып, ардагерлердің алғысына бөленді. Одан бөлек, қашан да теміржолшының мүддесін жоғары қойып, жұмыс беруші мен еңбеккердің арасындағы дәнекер болып жүрген кәсіподақ ұйымының қолдауымен 51 теміржолшыға құрмет көрсетіліп, түрлі марапатқа ие болды.
Салтанатты шарада сөз алған депо басшысы Нұртай Байғазы жартыжылдықтың басынан бері жоғары жетістіктерін саралап айтып, осы қарқынмен жылды аяқтауға шақырды.
– Тепловоз машинистері мен олардың көмекшілері теміржол көлігін пайдаланатын миллиондаған жолаушының өміріне, тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігіне жауапты. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі сақталып, локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 2773,8 мың тонна/шақырымға орындалды. Жүк пойыздарының орташа салмағы 3338,3 тоннаны құрап, жылдамдығы 52,37 шақырым/сағатқа жеткізілді. Депоның табысты жұмысын қамтамасыз етіп отырған баршаңызға, әсіресе машинистер мен көмекші машинистерге, олардың отбасындағы жұбайларына алғысымды білдіріп, төл мерекемен құттықтаймын, – деді депо бастығы Нұртай Байғазы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
102
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона