Главная Новости Қызылорда облысында жайлы мектептердің учаскелері төрт жақтан жолмен қамтамасыз етіледі
28 қыркүйек 2023, 08:37 1386

Қызылорда облысында жайлы мектептердің учаскелері төрт жақтан жолмен қамтамасыз етіледі

Қызылорда облысында жайлы мектептердің учаскелері төрт жақтан жолмен қамтамасыз етіледі

Қызылорда облысына іссапары барысында Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Жаңақорған елді мекеніндегі Саяжай ықшам ауданындағы жайлы мектептің құрылыс алаңындағы жұмыспен танысты. 600 орынға арналған заманауи 3 қабатты білім ошағын «Аман-Курылыс» ЖШС тұрғызбақ. Аталған мақсатқа жергілікті атқарушы орган өкілдері 2,2 га жер бөлген, алайда мектеп стадионы мен спорт алаңдарын орнату үшін бұл аумақ жеткіліксіз. Аудандық әкімдік жақын арада жер учаскесін ұлғайтатындарын жеткізді. SK Construction басшысы Мәулен Айманбетов мердігер ұйымға жұмысты сапалы атқара отырып, шаруаға қарқын қосуды тапсырды.

Жаңақорған ауданына қарасты Жаңарық ауылында келесі жылы 300 орынға шақталған жайлы мектеп қолданысқа тапсырылады. Құрылысқа дайындық жұмыстарымен танысқан Басқарма Төрағасы өзінің оң бағасын берді. Сондай-ақ, Мәулен Айманбетов мердігер ұйым  «Алтын Айдарлы» ЖШС мен бас жобалаушы «АРХИпелаг» серіктестігінің өкілдері назарын жерасты суларының жер қабатына жақын орналасқандығына аудартты. Осыған байланысты қолданылатын құрылыс материалдары міндетті түрде суды өткізбейтін әрі берік болуы тиіс.

Қызылорда қаласында ұлттық жоба аясында 8 жайлы мектеп бой көтереді. Оқу ошақтарының бірі Сырдария өзенінің сол жағалауында тұрғызылады. 900 орындық білім нысанының құрылысын «СК Данекер» ЖШС жүргізбек. SK Construction басшысы Мәулен Айманбетов учаскедегі жұмыспен танысып, аумақты төрт жақтан автокөлік жолдарымен қамтудың маңызын атап өтті. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көпірден мектепке дейінгі аралықта қосымша тағы бір жол салу қажет.

1500 орынға шақталған екі жайлы мектеп «Арай» ықшам ауданы мен СПМК-70 тұрғын үй массивінде орналаспақ. Құрылыс алаңдарын Мәулен Айманбетов Қызылорда әкімі Асылбек Шәменов пен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Тұралиевпен аралады. Учаскелерде жер деңгейінің ауытқуы байқалады. Мәселені облыстық бюджет есебінен шешу көзделген. Ол үшін жергілікті атқарушы орган өкілдері сметаны әзірлеп қойыпты, енді қазан айындағы мәслихат сессиясын күтіп отыр. Қаражат бөлінгеннен кейін іске кіріспек.

Іссапарының соңында SK Construction басшысы Мәулен Айманбетов Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. Аймақ басшысы барлық проблемалық сұрақтардың өз шешімін табатынын жеткізді. Кіреберіс жолдарды ойлап та уайымдаудың қажеті жоқ, 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін жайлы мектептердің учаскелері төрт жақтан автокөлік жолдарымен қамтамасыз етіледі. Мұндай тапсырманы өңір жетекшісі өз мамандарына жүктеді.

Жалпы Қызылорда өңірінде 3 жылдың ішінде 12 300 орынға шақталған 21 жайлы мектеп бой көтереді. Олардың 10-ы 2024 жылы халық игілігіне тапсырылмақ.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: