Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде еңбек ететін теміржолшылардың балалары түгел мектепке барды. Білім күніне орай балаларды мектепке дайындау шарасынан бірде-бір бала тыс қалмауы қадағаланды.
Мысалы, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жеке шаруашылығы бойынша 10 бүлдіршінге қажетті мектеп құралдары толтырылған сөмкені бөлімше бастығы Ербол Сәулебеков өзі тапсырып, балалардың қуанышына ортақтасты.
Сондай-ақ Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында 30 балаға, Теміржолсу-Қызылорда мекемесінде 14 балаға, Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясында 40 балаға, Қызылорда электрмен жабдықтау, жол және қалпына келтіру пойыздары мекемелерінде де мектеп табалдырығын бірінші аттайтын 2-3 бүлдіршінге қолдау көрсетілді.
– Ұжымдық шартқа сәйкес 3, 4, 5-класты станцияларда жұмыс істейтін теміржолшылардың бірінші сыныпқа баратын балалары тиісті жеңілдіктер алып жатыр. Оларға кәсіподақ ұжымы әзірлеген сөмкелер үлестіріліп, оған қоса балаларының саны төрттен жоғары әрбір теміржолшыға «Отбасы күніне» орай бір реттік қаржылай көмек берілді, – деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова.
Айта кетерлігі, Отбасы күні қарсаңында Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының бірқатар қызметкерлеріне құрмет көрсетіліпті. Мысалы 60 жасқа толған электромеханик Сәндібек Нұрмахановқа, 50 жасқа келген Нұрлан Зұлпықаровқа мерейлі жастарына орай сыйлық жасалды. Дистанцияда 40 жылдан астам жұмыс істеп зейнет жасына жеткен Шиелі-Шорнақ участогының электромеханигі Темірбек Қожантаевты, КТСМ электромеханигі Сейілхан Байжановты және Шорнақ-Бесарық телімінің СОБ электромеханигі Анарбай Юсуповты зор құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.
Сабырхан Сейілбекұлы,
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
89
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
99
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы