Главная Новости Қызылордада кәсіподақ ұйымдарының белсенділері құрметке бөленді
15 қазан 2024, 12:29 374

Қызылордада кәсіподақ ұйымдарының белсенділері құрметке бөленді

Қызылордада кәсіподақ ұйымдарының белсенділері құрметке бөленді

10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні аймақ бойынша Бауыржан Ахметов басқаратын «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы атқару комитетінің жиыны салтанатты түрде аталып өтіп, кәсіподақ ұйымдарының белсенділері құрметке бөленді.

Отырысқа Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев, филиалдың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, спорт секторы және кәсіподақ белсенділері қатысты.  

Жиынның күн тәртібінде қаралған үш мәселе кәсіподақ мүшелері үшін өзекті болатын. Мәселен, теміржолшылардан келіп түсетін сұрақтарға уақытылы жауап беру механизмін іске асыру регламентінің қағидалары, жұмысшыларға берілетін арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарымен уақытылы қамтамасыз ету және оның сапасы сөз болды. Сондай-ақ «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық Кеңесінің, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының және «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының әлеуметтік желілердегі сайттарына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының атқарылып жатқан жұмыстарын ақпараттандыру туралы мәселелер кеңінен талқылауға түсті.  

Жиын барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен Қызылорда жол дистанциясының кәсіподақ төрайымы Ғалия Ноғайбаева, Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен Қызылорда және Сексеуіл локомотив пайдалану деполарының цехтық кәсіподағының төрағалары Еркін Асанқанов пен Нұрлан Жұмқанов марапатталды. Облыстық кәсіподақтар орталығының Алғыс хатымен 8 кәсіподақ белсендісі марапатталып және филиалдың есебінен қаржылай сыйақы табысталды. Мерекелік іс-шара соңында қырық жыл Қызылорда теміржолы саласында қызмет еткен және сонымен қатар жиырма жылға жуық Қызылорда ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған Әбдімұрат Әбілдаев пен сегіз жыл Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрағасы болған Жеткерген Елжасты зейнетке шығарып салу салтанаты жасалды. Оларға бағалы сыйлықтар мен шапан, қаржылай сыйақы табысталды.  

Сабырхан Сейілбекұлы

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: