Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар сұранысқа ие мамандықтар, атап айтқанда графикалық дизайн, СММ және типография салаларында білім алып, лайықты жұмысқа ие бола алады. «Ерекше таңдау Шелек» корпоративтік қоры «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Lider Z онлайн мектебі» жобасын іске қосты.
Бүгінгі таңда онлайн мектепте Қазақстанның түкпір-түкпірінен түрлі деңгейдегі мүгедектігі бар 37 адам білім алуда. Кәсіптік оқыту бағыттары кездейсоқ таңдалмады – дәл осы мамандықтар бүгінгі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие және жұмыс берушілер лайықты жалақы ұсынады.
Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олардың өте аз бөлігі ғана жұмыс істейді. «IteachMe» біліктілікті дамыту орталығы» қорының мүгедектігі бар адамдар арасында жүргізген зерттеу нәтижелері сұралғандардың шамамен 50%-ы, ал бұл 345 мүгедектігі бар адам цифрлық технологиялар саласында жеткілікті білімі жоқ екенін көрсетті, бұл өз кезегінде білім алуға теріс әсер етеді және жұмысқа орналасу мүмкіндігін төмендетеді.
«Lider Z» онлайн мектебінде оқу үшін үш сатылы іріктеуден өту қажет – өтінім беру, тесттерден, әңгімелесуден өту және питчинг. Нәтижесінде ең ынталы және мақсатты деген қыз-жігіттер мектепке өткізіледі. Жасы маңызды емес: курстарда 18 жастан 45 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар оқиды.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер Қазақстанның жетекші компанияларына барып, тағылымдамадан өтіп, өздері үшін сапалы портфолио құрып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
Жобаны ұйымдастырушылар оқытумен қатар жұмыс берушілермен байланыс орнатуда. Олардың пікірінше, мұндай тәсіл мүгедек қызметкерлердің мәселелерін түсінетін және мүгедек қызметкерлер үшін «достық» жұмыс орындарын құруға ықпал ететін адал жұмыс берушілердің пулын қалыптастыруға көмектеседі.
«Біз мүгедектігі бар әрбір адамның білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, олардың білім алуы үшін жағдай жасаймыз. Бұл білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктерді теңестіруге және білім алушылардың толық қамтылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сапалы білім мен лайықты жұмыспен қамту арасында тікелей байланыс бар деп есептейміз», – дейді жоба жетекшісі Захира Бегалиева.
Бүгінгі таңда біздің қатысушыларды 25-тен астам ұлттық және жергілікті IT-компаниялармен, соның ішінде «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі АҚ-мен, Astana hub IT-стартаптардың Халықаралық технопаркімен тағылымдамалар ұйымдастыру және жұмысқа орналастыруға қатысты ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
«Мүгедектігі бар қызметкерлерді жұмыс берушілер мен қоғам басқалармен тең дәрежеде қарауы тиіс. «Жасырын» кемсітушілік болмауы керек, мүгедек адамдарға қатысты стигматизацияны басу керек. Бұл үшін осы бағытта ақпараттық-ағартушылық жұмысты одан әрі жүргізу маңызды. Мұндай жобалар мүгедектігі бар адамдардың көпшілігін болашақтың мамандықтары деп аталатын зияткерлік кәсіптерге тартуға ықпал етеді, сондай-ақ олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
15 қарашада жоспар бойынша оқытудың екінші легі басталады, онда қазақ тілді студенттер оқитын болады. Оқыту онлайн режимде өтеді.