Главная Новости Лондонда инвестициялық келісімдер жасалды
02 қазан 2018, 17:01 1954

Лондонда инвестициялық келісімдер жасалды

Лондонда инвестициялық келісімдер жасалды Сурет: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

Лондондағы Қазақстанның инвестициялық форумы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти мырзамен кездесті.

Тараптар кездесу нәтижесі бойынша «ШалқияЦинк ЛТД» және ЕҚҚДБ арасында 2017 жылдың маусымында жасалған кредиттік келісімге кепілдік беру туралы келісімге қол қойды. Қор Қызылорда облысындағы Шалқия кен орнында байыту фабрикасының құрылысын қаржыландыруға тартылатын 295 млн АҚШ доллары сомасындағы міндеттемелерге кепілдік беруші болып отыр.   

«Шалқия – Қордың ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастығындағы негізгі жобалардың бірі. Еліміздің ең ірі қорғасын-мырыш кен орнында байыту фабрикасының салынуы жылына мырыш концентратында 100 мың тоннаға жуық мырышты, қорғасын концентратында 20 мың тонна қорғасынды өндіруге мүмкіндік береді», -деп атап өтті кездесу барысында Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар «ШалқияЦинк ЛТД» және Engineering Dobersek GmbH арасында кен байыту фабрикасының құрылысын толық аяқтау туралы келісімшарт жасалды. Бұл Шалқия бойынша жобаны жүзеге асырудағы келесі қадамға айналып отыр. Аталған неміс компаниясын ЕҚҚДБ-нің сатып алу ережелеріне және талаптарына сәйкес өткізілген екі кезеңдік сауда-саттық қорытындысы бойынша жоба мердігері (Plant-Design&Build) таңдады. Жоба құны 651 млн АҚШ долларын құрайды. Жоспар бойынша кәсіпорынның бірінші кезегі 2020 жылы іске қосылады.

«Біз ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастықтың аясын кеңейтуге дайынбыз. Мәселен, биыл және келесі жылы жекешелендіру тізімінде 100-ден астам нысан бар. Бизнес тұрғысынан алсақ, олардың барлығы тартымды», - деді Ахметжан Есімов.

Қор басшылығы Лондондағы инвестициялық форумда британдық компанияларға «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Форумның ашылуында сөз сөйлеген Ахметжан Есімов әлеуетті инвесторларды мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасына қатысуға және Қазақстандағы үш арнайы экономикалық аймақтың аумағында бірлескен кәсіпорындарды құру мүмкіндігін қарастыруға шақырды. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: