Главная Новости Мәжіліс депутаттары экологиялық шешімдерге жоғары баға берді
08 шілде 2021, 10:31 639

Мәжіліс депутаттары экологиялық шешімдерге жоғары баға берді

Мәжіліс депутаттары экологиялық шешімдерге жоғары баға берді

Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов бастаған депутаттар тобы Атырау мұнай өңдеу зауытында болды.

Қонақтар зауыт аумағын аралау кезінде АМӨЗ бас директоры Шухрат Данбай кәсіпорынның ағымдағы өндірістік көрсеткіштері туралы айтты. Мәселен, маусым айында жоспар бойынша 467 мың тонна мұнай өңделсе, шілде айында 485 мың тоннаға дейін өңдеу жоспарланған. АМӨЗ тәулігіне 4 600 тонна бензин, 5 200 тонна дизель отынын өндіреді.

Делегаттар TAZALYQ жобасына кіретін жабық типтегі жаңа механикалық тазарту құрылыстарының құрылыс алаңына барды. 2021 жылы төрт технологиялық блоктың екеуін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың қалған бөлігі 2022 жылы аяқталады.

Сонымен қатар, депутаттар TAZALYQ жобасының тағы бір бөлігі – «Сасық сай» булану алқабының қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты Атыраудың ең үлкен экологиялық мәселесін мерзімге сай шешуде», – деді депутат.

Сондай-ақ, зауыттың бас директоры Шухрат Данбай зауытта қоқысты бөлек жинау экологиялық жобасы туралы айтты. Кәсіпорын аумағында қағазға, шыныға және пластикке арналған бірнеше ондаған түрлі-түсті контейнерлер орнатылған. Бұл қоқысты одан әрі кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін мамандандырылған ұйымдар шығарады.

«Кәсіпорында қоқысты кәдеге жаратудың мультипликативті әсері бар – бірте-бірте қызметкерлер бұл мәдениетті өз отбасына да сақтайтын болады», – деп атап өтті Дүйсенбай Тұрғанов.

Сапар соңында депутат барлық делегация атынан АМӨЗ басшылығына ұйымдастырылған кездесу үшін алғысын білдіріп, өңірдің барлық кәсіпорындарын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі жобаның болашақ іске асырылуы туралы хабардар етті.

«Бұл жоба Nur Otan партиясының бақылауында тұр және ол күрделі қаражатты талап етеді», – деді Дүйсенбай Тұрғанов және жоба аяқталған соң кәсіпорынды тұрақты электрмен жабдықтау мәселесі шешілетініне сенім білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: