Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «KMG PetroChem» ЖШС және Қытайдың мемлекеттік даму банкі (China Development Bank, CDB) Қазақстандағы алғашқы магистральдық этан және пропан құбырларын салу үшін 2,89 млрд юаньға дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды.
Келісім «Атырау облысында магистральдық құбырларды (этан, пропан) бір дәлізде салу» жобасы бойынша EPC-келісімшартты қаржыландыру мақсатында 15 жыл мерзімге кредиттік желі ашуды көздейді. Кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік кепілдігі ұсынылады.
«Қытайдың даму банкімен жасалған келісім Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы көпжылдық ынтымақтастығының жалғасы болып табылады. Бүгінде осы әріптестіктің маңызды бағыттарының бірі – Қазақстанда газ химиясын дамыту. Тартымды шарттармен берілетін ұзақ мерзімді қаржыландыру болашақ өндірістерге қажетті инфрақұрылымның уақтылы салынуын қамтамасыз етіп қана қоймай, екі ел арасындағы көпжылдық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова.
«Біз еліміздің мұнай-газ химиясы кластерінің маңызды бөлігіне айналатын магистральдық этан және пропан құбырларының құрылысын бастап кеттік. «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаздың» жан-жақты қолдауының арқасында Қытайдың даму банкімен кредиттік келісімге қол қойдық. Бұл – бірлескен жұмысымыздың маңызды нәтижесі әрі жобаны ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ету жолындағы кезекті қадам. Банктің Қазақстандағы газ-химия инфрақұрылымын дамытуға қатысуы қытайлық әріптестердің сенімін көрсетіп, елдеріміз арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түседі», – деп атап өтті «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы Диаз Диянов.
Жобаны іске асыруға арналған EPC-келісімшартқа 2025 жылғы қарашада China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. компаниясы жетекшілік ететін, құрамына CITIC Construction Co., Ltd. және «ЧППИ Қазақстан» ЖШС кіретін консорциуммен қол қойылды.
Келісімшарт жобалау құжаттамасын әзірлеуді, жабдықтарды сатып алуды, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ нысанды пайдалануға беруді қамтиды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!