Главная Новости «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС су тасқыны кезінде тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету жұмысын үздіксіз жалғастыруда
06 мамыр 2024, 12:18 600

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС су тасқыны кезінде тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету жұмысын үздіксіз жалғастыруда

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС су тасқыны кезінде тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету жұмысын үздіксіз жалғастыруда

Батыс Қазақстандағы су тасқыны еліміздің өңірі үшін стратегиялық маңызы бар «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС жұмысына әсер еткен жоқ. «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-нің барлық өндірістік нысандары мен жабдықтары қалыпты режимде жұмыс істейді және су тасқыны аймағынан тыс жерде орналасқан.

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Атырау облысындағы су тасқынының өтуіне байланысты жағдайды үнемі қадағалап отырады. Жедел штаб құрылды. Жауапты персонал – инженерлік-техникалық қызметкерлер, құрылымдық бөлімшелердің басшылары Қиғаш өзені мен Жайық өзенінің деңгейі, су тартудың технологиялық режимі және Астрахань-Маңғышлақ магистральдық су құбыры нысандарының жұмысы туралы жедел ақпаратпен тұрақты түрде қамтамасыз етеді.

Жайық өзені аймағында, су тасуы ықтимал жерде орналасқан 5-ші су айдау стансасының (бұдан әрі – САС-5) өндірістік нысанын қорғау мақсатында, жалпы ұзындығы 1000 метр қорғаныс жағалауын салу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Қиғаш өзені тасып, су басқан жағдайда қорғану үшін «Қиғаш» бас су айдау станциясының  «0км» желілік торабы маңына қорғаныс бөгеттерін салу бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Қиғаш» БСАС және САС-5 жұмысшы персоналын тәулік бойы жұмыста болған жағдайда азық-түлікпен, сумен және демалыс жиынтықтарын қоса алғанда, қажетті тауарлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолға алынып, іске асырылуда.

Атырау қаласын Жайық өзені бойын тасқын қаупінен қорғау аясында «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС ұзындығы 665 метр болатын бекітілген учаскеге қорғаныс бөгетін орнатты. Құрманғазы ауданында Қиғаш өзені тасып, қауіп төнген жағдайда қорғану үшін Дина Нұрпейісова өткелі айналасына ұзындығы 350 метрлік қорғаныс бөгеті салынды.

        Естеріңізге сала кетейік, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Қиғаш өзенінен облыстағы тұтынушыларға «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбыры арқылы табиғи суды жеткізеді. «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбыры стратегиялық маңызды нысан болып табылады, ол Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының тұтынушыларын, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақиян және Түпқараған аудандары тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің жалғыз орталықтандырылған көзі болып табылады. Су шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының қажеттіліктеріне, сондай-ақ Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындарының мұнай қабаттарын сумен толтыруға  беріледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: