Главная Новости Мағзұм Мырзағалиев Өзен кен орнын оңалту жобасы бойынша іс-шараларды мерзімінде іске асыруды тапсырды
26 сәуір 2024, 09:12 425

Мағзұм Мырзағалиев Өзен кен орнын оңалту жобасы бойынша іс-шараларды мерзімінде іске асыруды тапсырды

Мағзұм Мырзағалиев Өзен кен орнын оңалту жобасы бойынша іс-шараларды мерзімінде іске асыруды тапсырды

Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы, сондай-ақ компанияның Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарындағы өндірістік мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Өзен және Қарамандыбас кен орындарында оңалту жобасы 2023 жылы басталды. 2024 жылдың бірінші тоқсанының нәтижесінде оңалту жобасы бойынша мұнай өндірудің қосымша көлемі 5,9 мың тоннаны құрады. Жыл соңына қарай қосымша 135 мың тонна өндіруді қамтамасыз ету жоспарда. 229 ұңғымада электр орталықтан тепкіш сорғы қондырғыларын орнату арқылы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ұңғымалардың жөндеу аралық кезеңін (ұңғымаларды жерасты жөндеу) 58 тәуліктен 139 тәулікке дейін арттыру мүмкін болды.

Биыл жаңа ұңғымаларды бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу, полимерлі су басу және суланудың өсуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарланып, мұнай игеруді арттыру бойынша жаңа технологиялар қолданылатын болады. Мәселен, жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехын жаңғырту, су алу ұңғымаларын жайластыру, 3 және 4 блокты топтық сорғы станциясын салу (БКНС-3 және БКНС-4) жоспарланған.

Мағзұм Мырзағалиев «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығына оңалту жобасы бойынша жоспарланған іс-шаралар мен мұнай өндірудің жоспарлы көрсеткіштерінің, сондай-ақ 2024 жылға арналған өндірістік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, ҚМГ басшысы «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшыларымен де кеңес өткізді, олар өндірістік қызмет және еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қолдау жөніндегі шаралар туралы негізгі деректерді баяндады.

ҚМГ Басқарма төрағасы биыл мұнай-газ өндіруге қойылған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру міндетін алға қойды.

ҚМГ басшысы сондай-ақ Доңға кен орнындағы өндірістік нысандарды, теңіз су жинау станциясын аралады.

«Доңға жобасы жоғары тиімділікке ие. Біз үшін бұл активті сақтау және дамыту аса маңызды», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Сапар қорытындысы бойынша ҚМГ Басқарма төрағасы өндірісті арттыру жөніндегі жоспарларды іске асыру кезінде қабат қысымын ұстап тұру және су айдауды басқару мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Еске сала кетсек, ұлттық компания былтыр Доңға жобасының үлесін сатып алған болатын.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: