Главная Новости Мақатта теміржолшыларға арналған футбол алаңы дайын болды
02 желтоқсан 2022, 08:15 1170

Мақатта теміржолшыларға арналған футбол алаңы дайын болды

Мақатта теміржолшыларға арналған футбол алаңы дайын болды

Алғашқы матч окомотив депосы мен станциясының футбол командалары арасында өтті.

Негізінен теміржол қызметкерлері тұратын Локомотив ауданындағы Мақат кентінде теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арналған футбол алаңының құрылысы аяқталды.

Алаңда бірінші болып локомотив депосы мен станциясының футбол командалары ойнап, сапасын сынап көрді.

Жобаны ҚТЖ кәсіподақ ұйымы – «Қазпрофтранс» ҚБ және «Біріккен көлік-логистикалық компания – Еуразиялық альянс» АҚ-ның «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры кент әкімдігімен қол қойылған меморандум шеңберінде іске асырды. Оның мақсаты – Мақат станциясында спорттық инфрақұрылымды дамыту, олардың тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

«Депо және станция қызметкерлері, олардың балалары жақсы дене шынықтырумен айналысу үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған заманауи футбол алаңында спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды», – деді «Қазпрофтранс» ҚБ ұйымдастыру жұмысы және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: