Главная Новости Макинск станциясы вокзалын жаңғырту аяқталды
20 ноября 2025, 16:36 180

Макинск станциясы вокзалын жаңғырту аяқталды

Макинск станциясы вокзалын жаңғырту аяқталды

Ақмола облысында Макинск станциясы вокзалын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Нысанға облыс әкімі Марат Ахметжанов келіп, жұмыс нәтижесімен және вокзалдың пайдалануға беруге дайындығымен танысты.

1988 жылы салынған 340 шаршы метр ғимарат толық жаңартудан өтті. Жаңа вокзал заманауи стандарттарға сәйкес келтірілген: кассалық аймақ пен күту залы жаңартылып, ана мен бала бөлмесі жабдықталған. Үй-жайлар мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға толықтай бейімделген – пандустар орнатылып, өткелдер кеңейтілген және ыңғайлы санитарлық жағдайлар жасалды.

Жақын арада бейнебақылау жүйелерін, электрондық таблолар мен ақпараттық панельдерді монтаждау аяқталады. Жеке кезеңде жолаушылар перроның қайта құру қарастырылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының технологиясына қойылатын талаптарға байланысты жұмыстар қысқы маусым аяқталғаннан кейінгі кезеңге жоспарланған.

Вокзалды ашуға дайындауда, жақын арада алғашқы жолаушыларды қабылдайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: