Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандары тұлғалық даму бойынша білімдерін нығайтып, қаржылық сауаттылық негіздерін және отбасылық құндылықтардың маңыздылығын талқылады.
Оқыту тренингінің спикері – белгілі кәсіпкер, Маңғыстау облыстық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Шолпан Түсіпбекова.
Жас мамандар өз энергиясын басқару саласына жұмсауға тиіс стратегиялық құнды кадрлық ресурс болып табылады. Сондықтан нәтижеге жету үшін басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді дұрыс нақтылай білу аса маңызды, дейді бизнес-тренер. Ол қызметте де, қоғамдық өмірде де кәдеге жарайтын табыс табудың құнды құпияларымен бөлісті.

«Семинар тың ақпараттарға толы, мазмұнды болды және өз идеяларымызды ретке келтіруге, қаржыны дұрыс пайдалану туралы білімімізді арттыруға көмектесті. Көп адам өз мүмкіндіктерін бағаламай, шектеуде ұстайды. Мұнда біз отбасы институтын құру, бала тәрбиелеудегі отбасылық құндылықтардың рөлі туралы көптеген ақпарат алдық», – деп әсерімен бөлісті қатысушылар.
Мұнайшылар практикалық тапсырмаларды орындап, сұрақ қойып, жаңа инсайттарды қызу талқылады. Айта кетейік, іс-шара жұмысшы жастарды өңірдің қоғамдық өміріне тарту жобасы аясында «Риза Ана» ҚҚ ұйымдастыруымен өткізілді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
96
18 декабря 18:31
Госнаграды получили заслуженные работники АлЭС ко Дню энергетика