Главная Новости Маман дайындаудағы әріптестік
31 мамыр 2022, 10:00 1025

Маман дайындаудағы әріптестік

Маман дайындаудағы әріптестік

«Қазақтелеком» мен Көлік және логистика академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Енді Қазақстанның жетекші байланыс операторы институт базасында өз қызметкерлерінің басқарушылық және кәсіби құзыреттері мен дағдыларын оқытуды және дамытуды, академия түлектерін өз командасына алуды және студенттерді ProTelecom тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақыруды жоспарлап отыр.

Меморандум басқарушы кадрлар мен қызметкерлер үшін консультациялар мен тренингтер, оқу орнының бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін ұйымдастырылған тағылымдамалар, сондай-ақ бірлескен симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференцияларды ұйымдастыруды көздейді.

Бұдан басқа, тараптар нормативтік-техникалық құжаттаманы, оқу-әдістемелік материалдарды және дуальді оқыту бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде академия студенттері Pro Telecom компаниясының тағылымдама бағдарламасына қатыса алады және іс жүзінде түрлі телеком-жобалардың қалай іске асырылып жатқанын біле алады, Бизнестің ерекшелігін түсініп, кәсіпқойлар командасында жұмыс тәжірибесінен өтуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар 3 және 4 курс студенттерінің үздіктері компанияға қызметке орналасу үшін кадрлық резервке ену жағдайы қарастылған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: