Главная Новости Мамандығымды мақтаныш етемін
15 февраля 2024, 09:11 1136

Мамандығымды мақтаныш етемін

Мамандығымды мақтаныш етемін

«Заречное» БК» АҚ-да өндірісте ұзақ жылдардан бері еңбек етіп жүрген тәжірибелі де білікті мамандар көп. Солардың бірі деп кеніш басшылығы бізге Талғат Оспанхановты таныстырды. Оның атом саласындағы еңбек шежіресі 2007 жылдан бастау алады. Бұрынғы әріптестерінің шақыруымен келген Талғат жұмысты жөндеу-құрастыру учаскесінде бастады.

«Мен алғаш кенішке келгенімде, айдалада заманауи кеніш пен вахталық лагерьдің салынғаны таңғалдырды, – деп еске алады сол күнді Талғат Амалұлы. – Мұнда алаңсыз еңбек ету үшін барлық керекті жағдай жасалған. Еңбек адамынан қауіпсіз жұмыс істеуді талап етпестен бұрын, қолдан келер бар мүмкіндіктің қарастырылуы компания үшін маңызды екенін сонда түсінгенмін».

         Талғаттың айтуынша, кәсіпорындағы корпоративтік мәдениет өте жоғары, сенікі не менікі деген жоқ, бәрі ортақ. Әріптестер  әрқашан бір-біріне көмек қолын созуға дайын. Жұмыстан қол босағанда спортпен шұғылдануға, өз бетінше ізденуге және басқа да әуестіктерімен айналысуға жеткілікті мүмкіндік бар.

         «Жастайымнан техникаға әуестеніп өстім. Мамандығымды мақтаныш көремін. Қазір зауытқа ауа айдайтын компрессордың жұмысын қадағалаймын. Сондай-ақ дизель генераторлық қондырғысына қызмет көрсетемін, – дейді Талғат Амалұлы жұмысы жайлы сұрағанымызда. – Негізгі жұмысым бойынша стационарлық компрессорлық қондырғының машинисімін. Жұмыстың қыр-сырын толық меңгеріп, білгенімді жас мамандарға үйретіп келемін».

         Талғат Оспанханов жұмысшы мамандығына құрметпен қарайды. 1980 жылы кәсіптік-техникалық училищені бітірісімен әскери қызметке шақырылды. Азаматтық борышын өтеп келген соң дәнекерлеуші болып жұмыс істеді. 1984-89 жылдары жоғары техникалық білім алып, түрлі өндіріс орындарында еңбек етті. Соңғы 17 жылдан бері атом саласында тер төгіп, отандық уран өнеркәсібін өркендетуге өз үлесін қосып келеді. 

         Бүгінде Шымкент қаласында тұратын Талғат жұбайы екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген бақытты отбасының отағасы. «Үнемі алға ұмтыл, ешқашан шегінбе» – бұл оның ұран етіп ұстанған өмірлік ұстанымы. Сондықтан болар Талғат өзін Қазатомөнеркәсіптің үлкен командасының бір бөлшегі екенін мақтаныш санайды.

Корпоративный журнал «KAP news»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: