Главная Новости Мамандық пен өмірге сүйіспеншіліктің сырын Шырын біледі
12 наурыз 2019, 08:41 2315

Мамандық пен өмірге сүйіспеншіліктің сырын Шырын біледі

Мамандық пен өмірге сүйіспеншіліктің сырын Шырын біледі Сурет: "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметі

Ол кездейсоқ мұнайқұбыршы болған жоқ. Жастайынан химия, биологияға бейім болатын. Кез-келген бұйымды сағаттап зерттеуге бар-тын. Мектеп бітірген 1988 жылы ойланбастан Құлсары мұнай құбыры басқармасына қарасты су тазарту ғимаратына химиялық талдау лаборанты болып орналасты. Осылайша, талдырмаш қыздың мұнай тасымалы саласындағы қызығы мен шыжығы мол еңбек жолы басталған.   

Оң-солын әлі танып үлгермеген Шынаргүлге бәрі қызық көрінетін. Су тазарту ғимаратындағы жұмысты ауырсынған жоқ. Жас болған соң шығар, оның үстіне тәлімгерлері де осал болмады. Бойжеткенге жөн сілтеді, жұмыстың қыр-сырына үйретті, тек қызмет барысында ғана емес, өмірлік ақыл-кеңестерін айтты. Содан шығар, ол болашағын осы саламен байланыстыруға бел буған. Басқа ешнәрсеге алаңдамады да. Өндірістен қол үзбей жүріп жоғары білім алды. Химиялық талдау лаборантының ыстық-суығынан өтті. Түбегейлі меңгерді десе де болады. Айналасына мейірім шашып жүретін Шынаргүлге жастар үйір келетін. Кезінде өзіне тәлім бергендердің өсиеті жадында. Білгеніңді үйрет, жас маманға жөн сілтеу. Алдына келген жастың меселін қайтарып көрген емес, бәріне қолынан келгенінше бағыт-бағдар берді, тәжірибесімен бөлісті. Өзі де ізденді, білімін шыңдады. Себебі, үйрету үшін де тәжірибемен қоса білік те қажет еді.

Химиялық талдау лаборанты болып істеген 25 жылдан соң, артынан ерген мамандарды саналуан байқауларға дайындауға кірісті. Ширек ғасыр бойы жинаған тәжірибесі мен білігі оған жеткілікті саналды. 2012 жылы өзі баптаған химиялық талдау лаборанты М.Бекишева Батыс филиалы бойынша өткен «Үздік маман» байқауының екінші жүлделі орнын иемденді. Төккен тер зая кетпеді. Шәкірттері де сенімді ақтай бастады. Шынаргүл Боранбайқызы тек бір маманмен ғана шектелмей, бірнешеуін сайысқа бір мезетте дайындайтын. Соның ішінде үздік шыққандарды аламанға салатын. 2015 жылы Айман Сисекенова сенімін ақтап, Батыс филиалы бойынша химиялық талдау лаборанты мамандығының үздік бірінші орнын қанжығаға байлады. Осылайша, құлсарылық лаборанттар алғаш рет комапния бойынша сайысқа жолдама алған.  Ал, 2017 жылы Гүлшат Мұқанова мұнай құбыры саласы мамандарының Ресейдің Омск қаласында өткен халықаралық сайысында жүлделі үшінші орынды иемденді. Бұл үлкен жетістік еді. Шынаргүл бүгінде тағы да лаборанттарды сайысқа шыңдау үстінде. Биыл бұл халықаралық байқау Қазақстанда өткетінін ескерсек, бас жүлдені жеңіп алу үшін шәкірттері де аянып жатқан жоқ.                     

Шынаргүлдің тағы бір қыры бос уақытында қолөнермен айналысады. Кесте тігеді, түрлі материалдан қазақтың ұлттық бұйымдарын жасайды. Бұл әзірге өзінің жеке хоббиі. Өзі қолдан кестелеген бұйымдары жиналып та қалыпты. Биыл Наурыз мерекесінде аудандық қолөнершілер байқауына шығарып көрмек. Талантты адам барлық жағынан жетік болады емес пе?! Шынаргүл Бақытты да талабының арқасында шыңдарды бағындырған маман деп ауыз толтыра айта аламыз. Ол тұрмыста аяулы жар, қадірлі ана. Немерелеріне тәрбие бере бастаған әже. Бүгінде Құлсары мұнай құбыры басқармасының тауар тасымалдау қызметінде сапа жөніндегі инженердің әлі де алар белесі бар деп білеміз. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар майталманның шәкірттеріне де берері мол.  

Эльмира ӨМІРОВА

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: