Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұл айда шетел валютасының ұсынысы сұраныстан асып түскен.
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың хабарлауынша, мамырда жаһандық қаржы нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайған.
«Ұлттық валютаның нығаюы мұнай-газ нарығындағы жоғары баға мен экспорттаушылардың салық төлемдеріне, жеке тұлғалардың шетел валютасына сұранысы төмендегендіктен нарық қатысушылары сентиментінің өзгеруіне, Ресей рублі бағамының нығаюына байланысты», - деп түсіндірді мұны Ғалымжан Пірматов.
Валюта нарығындағы ұсыныс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы есебінен қосымша қолдау тапты, оның көлемі мамырда шамамен 598 млн доллар болды.
Бюджетке ірі салық төлемдері кезеңі мен валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан асып түсті. Салық аптасы кезеңінде өтімділікті қолдау және шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасында қалыптасқан теңгерімсіздікті реттеу мақсатында Ұлттық банк 110,5 млн долларға шетел валютасының артық ұсынысын сатып алды.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін ай басында 4 млн доллар сатылды. Кейін трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етілгендіктен Ұлттық Қордың валюталық қаражатын конвертациялау қажет болмаған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!