Главная Новости «Маңғыстау-Алматы-2» жолаушылар пойызының вагондары жаңарды
22 қазан 2021, 15:16 1175

«Маңғыстау-Алматы-2» жолаушылар пойызының вагондары жаңарды

«Маңғыстау-Алматы-2» жолаушылар пойызының вагондары жаңарды

Кеше Маңғыстау стансасынан № 77/78 «Маңғыстау – Алматы-2» жолаушылар пойызы жаңа вагондармен толығып, алғашқы рейске шықты. Аталмыш бағыт еліміздегі ең ұзын болып есептелінеді. Бұл бағыттағы темір жолдың ұзындығы 2812 шақырымды құрайды.

«Ақтаудан Алматыға жол тартқан жолаушылар пойызының вагондары толығымен жаңартылды. Біз қазан айында «Тұлпар» зауытынан 28 вагон алған едік. Оның купелік 18 вагоны осы пойыз құрамында жүретін болады және барлығы да халықаралық стандарттарға сәйкес келеді», – деді брифинг барысында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Петер Штурм.

Жаңа вагондар ауа баптау жүйесімен (ауаны зарарсыздандыруға және тазартуға арналған сүзгілермен жарақталған); бейнебақылау, өрт сөндіру жүйесімен және әрбір вагондағы су қорымен жабдықталған. Купе мен дәліздерде кернеуі 220 В болатын 2 электр розеткасы және ұялы телефондарды қуаттауға арналған 2 USB-порты бар. Сонымен қатар, әр вагонда тоңазытқыш, микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері және ыстық су титанымен қамтамасыз етілген . Вагондар мемлекеттік «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту  бағдарламасы аясында сатып алынды және Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша «Тұлпар» зауытында құрастырылды. Вагондарды сатып алуды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржыландырды.

Сонымен қатар журналистерге арналған мәслихат барысында П. Штурм осы жылғы желтоқсаннан бастап пойыздардың жаңа кестесі шығатынын, соған сәйкес «Маңғыстау-Алматы-2» пойызының жылдамдығы екі жарым сағатқа артатынын хабарлады. 

«Вагондар паркін жаңарту біз үшін ерекше маңызға ие. Бүгінгі шара  жолаушыларды заманауи вагондармен қамтамасыз етудегі жұмысымыздың нәтижесі деп есептеймін», – деді спикер.

Вокзал перронында Штурм мырза компанияның вагон паркін жаңартуға қатысты жалпы жоспарларымен де бөлісті. 2029 жылға дейін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 500-ге жуық жаңа жолаушылар вагонын сатып алу көзделген. Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондарының үштен екісін жаңартуға мүмкіндік береді. Ал келесі жылдың басында вагон паркін тағы 62 жаңа Тальго вагондары толықтырмақ.

Өз кезегінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы халыққа қызмет көрсету түрлерін жақсарту бойынша, оның ішінде «әйелдер» вагонының жаңа қызметі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

«Өткен жылы біз сауалнама жүргізіп  жолаушылардың талап-тілектеріне сүйене отырып  талдау жасадық. Жинақталған деректер бойынша тек әйелдерге арналған вагондарға сұраныс бары анықталды. Осыған орай, аталмыш жобаны іске асырып отырмыз. Сонымен қатар, «Алматы-Өскемен» бағытындағы пойызға әйелдер вагон іске қостық», – деді Петер Штурм.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: