Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында еңбек қауіпсіздігі мәселесі басым бағытқа ие екені баршаға белгілі. Компаниямызды Мұнайшылардың амандығы мен денсаулығын сақтау үшін атқарылып жатқан шаралар көп-ақ, солардың бірі – қызметкерлердің осы бағыттағы білімдерін ұштап, сауаттылығын көтеру.
Компаниямыздың Персоналды басқару және еңбек ақы төлеу департаментінің білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті 30-шы қазан мен 1-ші қараша аралығында Еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық инспекторларды дайындау мақсатында «Қауіпсіздік мәдениеті. Медиация. Еңбек заңнамасы» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
«Holiday Inn Aktau-Seaside» қонақ үйінің мәжіліс залында өткен бұл семинарда компания қызметкерлері «Almau» университетінің доценті Бақыт Дәулетханқызы Жұмақаева және Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша Нұрғали Сүлейменов сияқты тәжірибелі ұстаздардан дәріс алды.

Семинарға қатысушылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум, жұмыс қауіпсіздігін талдау, тұйық кеңістіктерге қол жеткізу, биіктікте жұмыс жасау және т.б. мәселелер бойынша білімдерін жетілдіріп, дауларды тиімді шешу құралдары, серіктестермен келіссөздер жүргізу, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, еңбек дауларын қарайтын органдар туралы құнды мәліметтер алды.
Сонымен қатар семинар барысында Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаменті Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Марат Шамұлы Яшев пен "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасы кәсіподақ комитетінің төрағасы Әсет Сергейұлы Кенжеш семинарға қатысушы әріптестерімен кездесу өткізді. Кездесуде компаниядағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерінің бүгінгі таңдағы жағдайы туралы кеңінен әңгіме қозғалды.

Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Марат Шамұлы мен Әсет Сергейұлы егжей-тегжейлі жауаптарын берді. Кездесу соңында Еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық инспекторларға өндірісте қауіпті жағдайды немесе іс-қимылдарды байқаған кезде жұмысты тоқтатуға толық құқық беретін Стоп-карталар салтанатты түрде табысталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы