Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы жас мамандар кеңесінің мүшелері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өткізу үшін Маңғыстау ауданындағы Тұшықұдық ауылына сапарға шықты.
Тұщықұдық ауылы Қаламқас кен орнына жақын орналасқан елді мекен, сондықтан компанияның әлеуметтік жауапкершілігі аясында осы ауылға мүмкіндігінше жәрдемдесіп отыру жақсы үрдіске айналған. Осы жолғы мақсат - Маңғыстау өлкесіндегі мемлекетіміздің қорғауына алынған тарихи нысандардың бірі - Айдар-ишан мешітінің басында сенбілік өткізу.
Айдар-ишан (1848-1922), Бұқарада білім алып, ислам ұстанымдарын ұстанған діни қайраткер болған. Құдайға қызмет етуді және халықтың игілігі үшін халықтың діни сауаттылығын көтеруді өзінің парызы санаған ұстаз ретінде елге белгілі болған тұлға.
Жас мамандар Тұщықұдық ауылына келісімен С.Жанғабылов атындағы орта мектепке барып, мектеп мұражайын тамашалады. 90 жылдан астам тарихы бар мектепте көптеген елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері білім алған.

Ауыл тарихымен танысқан жас мұнайшылар Айдар-ишан мешітіне барып зиярат еткесін, сенбілікті бастап кетті. Мешіттің жанындағы руханият үйінің айналасын қоқыстардан тазартып, 20-дан астам жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Мешіт орналасқан қорымның қоршауын көтеруге де жәрдемдесіп, біраз жұмыстар атқарды.
Мешіт басындағы шырақшы Орынжан Рақметұлы көрсеткен көмектері үшін компания басшылығы мен сенбілікке қатысқан мұнайшыларға өз ризашылығын білдіріп, бата тілегін айтты.

Өткен аптада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарақия ойпатының тамашалау алаңының маңын қоқыстан тазартқан «Маңғыстаумұнайгаз» қызметкерлері келесі аптада Жас мамандар кеңесінің «Өз өлкеңді таны» жобасы шеңберінде Сисем-Ата қорымында сенбілік өткізбекші.
128
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
177
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
162
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету