Главная Новости Маңғыстау мұнайшылары мұқтаж отбасыға баспана сыйлады
26 наурыз 2024, 12:00 329

Маңғыстау мұнайшылары мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Маңғыстау мұнайшылары мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Биыл Қаламқас мұнайына 45 жыл толуына орай, өндіріс жастарының бастамасымен 45 игі істер жоспары жасақталған болатын. Осы шаралардың аясында 24-ші наурыз күні Тұщықұдық ауылындағы "Айдар Ишан Ата" руханият үйінде 200-ге жуық кенорын қызметкерлеріне ауызашар берілді. Ауызашарға мұнайшылармен қатар Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Светқали Нұржан, өлкеміздің өнер зерттеушісі, жыршы Ақылбек Тасқара, Маңғыстау облысының депутаттары Уайс Ерсайынұлы мен Аят Исатайұлылар қатысты.

Кеш қонақтары қоғамдағы орын алып отырған түрлі келеңсіздіктер мен жаһандану заманындағы қазақ ұлтының жағдайы жөнінде терең ойларымен бөлісті. Қадірлі қонақтардың ойлы әңгімелерінен рухани сусындаған кенорын қызметкерлері осы тамаша кешті ұйымдастырушыларға дән риза болды.

Игі істердің тағы бірі - Маңғыстау ауданындағы мұқтаж отбасына баспана сыйлау болатын. Осы орайда арнайы құрылған комиссия Шетпе, Жыңғылды, Жармыш, Шайыр, Онды, Үштаған, Тұщықұдық, Шебір, Ақшымырау, Қызан ауылдарынан мұқтаж отбасыларының тізімін алдырып, осы отбасыларды аяқтай аралап, жағдайларымен танысты. Нәтижесінде комиссияның шешімімен Шетпе ауылында сегіз бала тәрбиелеп отырған Дәлиев Адай мен Жексенбаева Ақтотының көмекке мұқтаж отбасына құны 10 млн. теңге тұратын, көлемі 14×12 шаршы метр жаңа үйдің сертификаты табысталды.

Қаламқас кенорнының қызметкерлері бұған дейін де мұқтаж отбасыларына арнап ірілі-ұсақты қайырымдылық шараларын ұйымдастырған болатын, бірақ бұндай ірі игілікті іс тұңғыш рет атқарылып отыр. Табысталған сертификатқа "Баспана-1" деп жазылуы - Маңғыстау ауданының мұқтаж отбасыларын баспанамен қамтамасыз етудің үрдіске айналатынын меңзеп тұрғандай болды. Лайым, солай болғай! "Садақаны сауыңда бер" демекші, "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ қызметкерлерінің игі істеріне ақ жол тілеген кеш қонақтары, жоспарланған шаралардың жалғаса беруіне сенімдерін білдіріп жатты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: