Главная Новости Маңғыстау мұнайына 60 жыл: Қаражанбас қосқан үлес
13 шілде 2021, 09:00 2833

Маңғыстау мұнайына 60 жыл: Қаражанбас қосқан үлес

Маңғыстау мұнайына 60 жыл: Қаражанбас қосқан үлес

Биыл қойнауы қара алтынға толы Маңғыстау мекенінен алғаш рет мұнай фонтаны атқылағалы 60 жыл. Бұл тұтас ел үшін тарихи маңызды оқиға. Себебі, осыдан 60 жыл бұрын әлем картасында мұнай өндіретін тағы бір кен орны ашылған еді.

Еліміздің мұнай өндіру саласында «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның алатын орны айрықша. Маңғыстау мұнайының 60 жылдығы ҚБМ үшін қос мереке. Былтыр Қаражанбас кен орнына 40 жыл толды. Осы уақыт ішінде мұнайшылардың ерен еңбегі арқасында ҚБМ Маңғыстаудағы мұнай өндіру саласының қалыптасып, дамуына сүбелі үлес қосты.

Қаражанбас кен орны 1974 жылдың 24 қаңтарында ашылды. Бұл күні бұрын-соңды болмаған таяз тереңдік, 300 метрден алғаш рет мұнай фонтаны атқылады. Ал игеру жұмыстары 1980 жылы басталды. Арада төрт жыл өткен соң Қаражанбас алғашқы миллион тонна мұнайға қол жеткізді. Атаулы күн Маңғыстау мұнайы тарихында алтын әріппен жазулы.

Қазір Қаражанбас өндіріс көлемі бойынша Маңғыстаудағы үздік үштікке кіреді. Оған өңірдегі мұнай өндірісінің 12%, ал Қазақстан бойынша 2,5% үлесі тиесілі. Құрамының қоюлығымен ерекшеленетін Қаражанбас мұнайын игеру оңай шаруа емес. Бүгінде оны термиялық әдіспен, яғни жер қабаттарына су мен бу айдау арқылы өндіреді. Мұндай технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу - мұнай өндірудің жоғары деңгейіне шығуға мүмкіндік берді.

Бүгінде жас мұнайшылар аға буын салған сара жолмен жүріп келеді. Жұмысшылардың кәсібилігі мен мол тәжірибесі арқасында 2020 жылдың 22 тамызында компания 55 млн тонна мұнай өндірді. Бұл да бүкіл ұжымның еңбегі сіңген аса маңызды тарихи күн.

Биыл ҚБМ мүмкіндіктер көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобаларды орындауды қолға алды. 2021 жылдың 1 шілде күні Қаражанбас компаниялар тобына кіретін сервистік мекемелер персоналын біртұтас «Қаражанбасмұнай» АҚ-ға интеграциялау жүзеге асырылды. Сонымен қатар, кен орнында қабат суын тұшытатын зауыт құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның іске қосылуы түбектегі ауыз су тапшылығын азайтуға айтарлықтай үлес қосады деп күтілуде. Бұдан бөлек компания көптеген әлеуметтік нысандар құрылысын қаржыландыру бойынша алдыңғы қатарда. Бұл ҚБМ өңірдің әлеуметтік мәселелерін тиімді шешуге белсенді атсалысатынының тағы бір дәлелі.

Өткен ғасырдың 60-жылдары ашылған мұнай қоры қасиетті түбектің тынысын кеңейтті. Алғашында Қаражанбас мұнайы аймақтың жан-жақты дамуына себеп болатынына сенгендер аз еді. Алайда Маңғыстаудың қойнауынан шыққан қара алтын 40 жылдан бері сәтті өндіріліп келеді. Ыстық пен суыққа, дауыл мен жауынға қарамастан қалтқысыз қызмет етіп жүрген мұнайшылар арқасында биік белестерді бағындырып келеміз. Баба жолын жалғаған жас толқын да «Маңғыстау мұнайшысы» атағын абыроймен арқалап жүр.

(«Қаражанбасмұнай» АҚ facebook парақшасынан)

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: