Главная Новости Маңғыстау облысында теміржолшыларға модульді үй-жай берілді
19 наурыз 2024, 16:44 1002

Маңғыстау облысында теміржолшыларға модульді үй-жай берілді

Маңғыстау облысында теміржолшыларға модульді үй-жай берілді

Аққайтым станциясына модульді үй-жай орнатылды.

Шалқар жол дистанциясы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін тағы бір жылжымалы ғимаратты пайдалануға берді. Теміржолшыларының тұруы мен демалуына арналған жылжымалы ғимаратта барлық жағдай жасалған. Шалқар жол дистанциясының басшысы Серік Минайдаровтың айтуынша, онда 10 адамның өмір сүру мүмкіндігі бар. Іші жиһаз, тұрмыстық техника, душ кабиналарымен және қажетті заттармен жабдықталған. Ғимарат инженерлік коммуникацияларға қосылған. Кез келген климаттық жағдайда тұру мүмкіндігі қарастырылған.

«Тұрмыстық жылжымалы ғимарат негізі үнемі жол бойында жүретін жолшыларға арналған. Сонымен қатар жолдағы түрлі ақауларды жөндеу, тексеру жұмыстарын өткізетін желілік кәсіпорын теміржолшылары да пайдаланады. Іші толықтай заманауи үлгіде. Барлық заманауи техникаларымен қамтамасыз етілген», – дейді дистанция басшысы.

Аққайтым станциясының теміржолшылары бұл жаңалықты қуана қабылдады. Қазіргі таңда Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі бойынша жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын ұйымдастыру мақсатында 23 тұрмыстық жылжымалы ғимараттар орнатылған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: