Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Теміржолшылар қатал маусымға ерте қамданады. Түбек теміржолшылары қыркүйек айында-ақ қажетті көмірді қоймаға жинап, жолаушы пойыздарын жылытуды қыркүйектің соңында бастап жіберді.
«Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінің Маңғыстау станциясы үшін биылғы қысқы маусымға 10 вагон көмір жоспарланған. Қазірге дейін соның екі вагоны қоймада, тағы бес вагоны жолда. Ал Бейнеу станциясы бойынша екі есе көп. Пойыздар қозғалысына байланысты мұнда қыс қажеттілігін өтеуге 20 вагон көмір кетеді екен. Бүгінге дейін Бейнеу қоймасына 4 вагон – 276 тонна көмір түсіріліпті. Қалғаны келіп жатыр.
«Қаражыра көмірін алып жатырмыз. Жақында 150 тоннаны Маңғыстау станциясындағы қоймаға түсіріп алдық. Қойманың үсті жабық, кез келген ауа райында жақсы сақтауға болады. Ал Бейнеуде НЖС мекемесінің қоймасын жалдап отырмыз», – дейді бұл жөнінде «Вагонсервис»» АҚ Маңғыстау телімінің шебері Қосай Сейтқалиев.
Мекеме, сондай-ақ, вагондардың қысқа дайындығын да аяқтап қалыпты. ТО-2 жөндеуден 40 жолаушы вагоны өтуі жоспарланған екен.15 қазанға дейін 32 вагон тиісті жөндеуден өткен. Айдың аяғына дейін жоспар толық орындалады дейді мамандар. Сонымен қатар ТО-3 жөндеу түрінен қыркүйек-қазан айларында 60 вагон өтуі керек болатын. Оның 42-сі дайындық сапына қойылған. Ал ТО-1 ағымдағы жөндеу цехында күніне жиырма шақты вагонға қызмет көрсетіледі.
307
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
177
04 мая 12:07
ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды