Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Маңғыстау жол дистанциясының теміржолшылары салалық кәсіподақтың 30 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өткізді.
Спорт десе ішкен асын жерге қоятын жігіттер теңбіл допты армансыз теуіп, командалар бір-бірінен шеберліктерін асыруға тырысты. Әрі бұл алдағы ойындарға мекемеден мықты құраманы дайындауға да ықпал еткені анық.
№3 өндірістік телімнің жолшыларынан құралған команда қарсылас шақ келтірмей, ойын соңында жүлделі бірінші орынға шықты.
Екінші орынды иеленген инженерлерден құралған топ та осал еместіктерін танытты, ал соңғы орынды транспорттық блок қызметкерлері алды. Жүлдегер командалар кәсіподақ ұйымының диплом және қаржылай сыйлығымен марапатталды.
«Осындай дистанцияішілік сайыс ойыншыларды шыңдауға жақсы, компания бойынша өтетін шағын футбол жарысына мықты команданы бүгінгі ойын қорытындысы бойынша іріктейтін боламыз. Жарыс керемет өтті, футбол хоббиіне айналған, нағыз теңбіл доп шеберлерінің ойыны болды. Жігіттеріміз демалыс күні болғанына қарамастан түгел қатысып, ерекше белсенділік танытты. Шеберліктерімен ерекшеленіп, қызықты ойын үлгісін көрсеткендер түрлі номинациямен марапатталды. №3 өндірістік телім бастығының орынбасары Нұрболат Құбашов «Үздік қақпашы», осы телімнің жол жөндеушілері Абылай Бұзан «Үздік шабуылшы», Азамат Жолдыбай «Үздік қорғаушы» атанды», – дейді Маңғыстау жол дистанциясы кәсіподақ ұйымының төрағасы Болат Абатаев.
Шахида Жұман
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»
98
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
297
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
141
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету