Главная Новости Маңғыстауда 4 «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
26 желтоқсан 2024, 12:33 160

Маңғыстауда 4 «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын

Маңғыстауда 4 «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын

Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 4 жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, толықтай пайдалануға дайын тұр, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының 33 шағын ауданында бой көтерген мектептің бүгінгі жағдайымен танысты. 1200 орындық білім беру нысаны заманауи талаптарға сай жабдықталған және оқушыларға сапалы білім алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Білім ордасы 3-ші оқу тоқсанында балаларды қабылдауға толық дайын. Бұдан бөлек Ұлттық жоба аясында жаңа мектептер Ақтау қаласының 19, 17 шағынаудандарында, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы «Хазар» шағынауданында орналасқан.

Аталған мектептердің жұмысы 2025 жылдың қаңтар айында, яғни оқу жылының үшінші тоқсанынан басталады. Қазіргі уақытта оқу процесін ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаңа мектептердің құрылысы мен жабдықталу сапасына оң бағасын беріп, білім беру деңгейін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: