Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтау қаласында жұмыс сапары барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Маулен Айманбетов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.
Басқосуға облыс әкімінің орынбасарлары, облыс аудандарының әкімдері, құрылыс, білім беру, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларының басшылары, Маңғыстау облысының жобалық кеңсесінің қызметкерлері, «Атамекен» өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және мердігер ұйымдар қатысты.
Кездесуге қатысушылар жер телімдерін бөлу және инженерлік коммуникацияларды жүргізу, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәртебесін қарастырды, жергілікті құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілердің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қатысу мәселелері талқыланды. Кеңес аясында ұлттық жобаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ететін мониторинг бойынша ақпараттық платформа көрсетілді.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаевтың төрағалығымен жергілікті құрылыс компаниялары мен басқа да мердігерлік ұйымдар қатысқан кеңес өтті. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті, онда мердігерлерге қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ жергілікті құрылыс материалдарын өндірушілердің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қатысу мәселелері талқыланды. Жиналыс барысында бизнес-қоғамдастықтың мамандандырылған техникаға қойылатын талаптарды алып тастау және жергілікті құрылыс материалдарын өндірушілерге басымдық беру туралы ұсыныстары қаралды.
Кеңестің қорытындысы бойынша банк кепілдігі түріндегі авансты қамтамасыз етуді қоспағанда, барлық көтерілген өзекті мәселелер жеңілдетілген оң шешімін тапты.
Маңғыстау облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 24 мектеп салу жоспарланған. 15 мектептің құрылысын 2024 жылы (2023 жылы басталады), 9 мектепті құрылысын 2025 жылы (2024 жылы басталады) аяқтау жоспарлануда.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы