Главная Новости Маңғыстауда «Қаламқас» жазба ақындар мүшәйрасы өтеді
24 шілде 2024, 10:31 825

Маңғыстауда «Қаламқас» жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Маңғыстауда «Қаламқас» жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Қазақстан мұнайының 125 жылдығын және «Қаламқас» кенорнының 45 жылдығын мерекелеу аясында «Қаламқас» атты жазба ақындардың облыстық ашық жыр мүшайрасының ережесі:

Жалпы ережесі

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Қаламқас кен орнының 45-жылдығына орай өндірістік басқарманың қолдауымен 2024 жылдың 22 шілде мен 18 тамыз аралығында тарихтағы Тұмар ханшайым, Бопай аналарымыздың жалғасындай болған бүгінде аты ірі өндірістік басқармамен аталып, Маңғыстау тарихында ерекше орын алатын Қаламқас апаның және Қаламқас кен орыннан қара алтынды игеруде зор үлесі бар майталман мұнайшыларға арналған «Қаламқас» атты жазба ақындардың облыстық ашық жыр мүшайрасын өткізеді.

Мүшайраның мақсаты

- Қазақ мұнайының 125 жылдығын және «Қаламқас» кенорнының 45 жылдығын мерекелеу аясында Қаламқас кен орнын ашуда еңбегі зор майталман мұнайшылар туралы жалпы өскелең ұрпақ үшін маңызын ашу;

- Қаламқас тарихына деген қызығушылық тудыру;

- ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту;

- Қаламқас апа мен Қаламқас кен орнының 45 жылдық тарихы, онда өмірін арнаған майталман мұнайшылар туралы Тәуелсіз Қазақстан мұнайының тарихын білуге, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға баулу;

Мүшайраның тақырыптары

- Қаламқас апаға арнау (1 өлең);

- «Майталман мұнайшылар» (1 өлең);

- Еркін тақырып (1 өлең).

Мүшәйраны ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі

- 22 шілде - 18 тамыз аралығында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әлеуметтік саясат департаментіне қарасты әлеуметтік мәселелер бөлімі байқау жұмыстары қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

- тамыз айының 19 - 22 аралығында әділ-қазылар алқасы келіп түскен өлеңдерді сұрыптау, жеңімпаздарды анықтау жұмысын жүргізеді.

Мүшайраның шарттары

- Мүшәйраға Маңғыстау облысының (жасқа шектеу жоқ) ақындары қатыса алады.

- Байқауға қатысушылар Қаламқас апа және майталман мұнайшылар, ел экономикасының тірегіне айналған мұнай-газ саласын арқау еткен өлеңдерді және өзі қалаған тақырыптағы поэзиялық шығармаларын тапсыра алады.

- Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі.

- Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана облыстық ақындар мүшәйрасының қорытынды кешіне шақырту алып, марапаттау салтанатына қатыса алады.

- Марапаттау кешінде жүлделі үш орынға және ынталандыру орындарына ие болған өлең авторларының ғана өз шығармаларын мәнерлеп жатқа оқуға мүмкіндігі болады.

Мүшәйраның талаптары:

- Мүшәйраға қатысушы талапкер берілген тақырыптарға сай бұрын ешбір жерде жарияланбаған, бұған дейін ешбір байқауға қатыспаған авторлық өлеңдерін ұсынады.

- Авторлар өлеңдерінің (шрифт 12 кегліде, жоларасы 1,5 интервал, Times New Roman қарпі) Өлеңнің екі данасына да автордың бүркеншік аты жазылады.

- Әр өлең көлемі 3 беттен аспауы тиіс.

- Автор өзі туралы толық мәліметті, байланыс нөмірлерін, мүшәйраға қатысу туралы сұранысты төмендегі үлгі бойынша толтырып, 10*15 көлеміндегі сапалы суретімен қосып, поштаға жолдайды.

- Мүшәйраға қатысу үшін жолданған құжаттар кері қайтарылмайды және ұйымдастыру алқасының авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға хұқы бар.

- Өлеңдер мен өтініштер 2024 жылдың тамыз айының 18-не дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әлеуметтік саясат департаментіне қарасты әлеуметтік мәселелер бөлімінде қабылданады.

- Қатысушылар өлеңдерін мына edil362@mail.ru поштаға жіберулері керек.

Байланыс телефондары: 8 (7292) 211225, 87750001988.

Жеңімпаздарды марапаттау:

- Мүшәйраның жүлде қоры:

- I-орын 300 000 тг;

- II-орын 150 000 тг;

- III-орын 100 000 тг;

- IV-орын (үш адамға) 50 000 тг

- Жеңімпаздар Дипломдармен, Алғыс хаттармен ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: