Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мамыр айында шығыстағы көрші елден жолға шыққан Пекин-Париж бағытындағы халықаралық ралли көліктері жақында Маңғыстауға жетіп, темір жол мен теңіз жолын түйістірген Құрық порты арқылы сапарын әрі қарай жалғастырды.
«Пекин-Париж Раллиі» атты ретро көліктердің салтанатты шеруі 18 мамырда басталып, 14 500 шақырымдық ралли Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Грекия, Сан-Марино, Италия және Франция арқылы өтуі жоспарланған болатын. Автокөлік шеруіне 22 елден 287 адам қатысады және ол 23 маусымда Парижде аяқталады деп жоспарланған.
Құрамында жүзге жуық автокөлігі бар және 16 қолдау көрсететін көліктен құралған ралли Пекин қаласына жақын Ұлы Қытай қорғанынан сапарға аттанып, Қазақстан шекарасына 30 мамыр күні келген болатын.
Аңызға айналған ерекше көліктері бар авторалли қатысушылары Каспий теңізінің жағасына ұзақ жол жүріп жетті. Құрық портынан ретрокөліктер Әзірбайжанның Баку қаласына тиелді, одан әрі Еуропаға аттанады.

Құрыққа жеткенше бұл халықаралық автокөлік шеруін тоғыз жолдың торабындағы Бейнеу станциясының халқы тамашалап үлгерді. Автошерушілер Бейнеуде 5-6 маусым күндері аялдап, атақты Сам құмы бар Сам ауылына жақын маңда шатыр тікті. Бейнеуліктер оларды қарсы алып, жергілікті табиғатпен таныстырып, қонақжайлылық танытты. Аймақтың климаттық ерекшеліктерін өз көзімен көріп, Бейнеу мұражайына саяхат жасап, өлкенің рухани мұралары мен ұлттық құндылықтарынан мағлұмат алған шетелдіктер риза болып аттанды.
Автошеру қатысушысының бірі, өзімен жасты 1973 жылғы фиат автокөлігін тізгіндеген италиялық Федерико Громның айтуынша, олар көліктерді паромға тиеп, Бакуға, одан әрі Түркияға жетіп, Еуропаға жол тартады. Әрі қарай соңғы аялдама – Париж деп автошеру бағдарымен таныстырған италиялық еліміздің кең даласы мен ашық аспаны, қонақжай халқы ерекше ұнағанын жеткізді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы