Главная Новости Маңғыстауда табиғи қорықтың 55 мың гектар жері мұнай өндіру үшін жеке компанияға берілді
16 қазан 2024, 17:44 62

Маңғыстауда табиғи қорықтың 55 мың гектар жері мұнай өндіру үшін жеке компанияға берілді

Маңғыстауда табиғи қорықтың 55 мың гектар жері мұнай өндіру үшін жеке компанияға берілді

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, «Манашы» мемлекеттік табиғи қорығының аумағын 55 455 гектарға азайту жоспарланып отыр.

Бұған дейін қорықтың жалпы ауданы — 172 573 гектар болған. Демек, ол енді шамамен төрттен бірге азаяды.

— Табиғи қорық аумағын азайту туралы шешім «Тепке» кен орнының батыс бөлігінде көмірсутектердің мұнай бағанасының ашылуына байланысты шыққан. Көмірсутек шикізатын одан әрі өндіру үшін табиғи қорықтың құрамынан жер алу қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта ғылыми негіздеме әзірленді, — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, «Тепке» кен орны 2021 жылы ашылған. Бұл — аймақта соңғы 30 жылда ашылған ең ірі кен орны.

Оны игерумен «Тепке» ЖШС айналысады ал, құрылтайшылары — нидерландтық Seballes Holdings B. V. компаниясы мен қазақстандық Oxygen Capital Limited жеке компаниясы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: