Главная Новости Маңғыстаулық теміржолшылардың 400-ге жуық баласы лагерьде демалды
01 қыркүйек 2022, 08:52 1445

Маңғыстаулық теміржолшылардың 400-ге жуық баласы лагерьде демалды

Маңғыстаулық теміржолшылардың 400-ге жуық баласы лагерьде демалды

Биыл Маңғыстау теміржолшыларының балалары Бурабай, Алматы, Ақтөбе, Тараз өңірлеріндегі жазғы лагерьлерде демалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Таяуда Тараздың «Тау самалы» лагеріне аттанған соңғы лек демалыстан оралды. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, тек соңғы топта «Тау самалына» түбектен жетпіс бала аттанған.

Балаларды алып жүруге әр лекте он балаға бір ересек адам және медициналық қызметкер де тағайындалған. Яғни, қауіпсіздіктер толық қамтамасыз етілген. Жалпы, биыл Маңғыстау темір жолынан барлығы 400-ге жуық бала түрлі демалыс лагерінде демалған. 

Жүк тасымалы бойынша 254, Магистральдық желі бөлімшесінен 123 бала жолдама алған. Шілде-тамыз айларында Алматыда 25 бала, Бурабайда 40 бала, Ақтөбеде 60 бала демалып қайтты.  

Шахида Жұман

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: